- Басты
- Жаңалықтар
- 7-20-25: борышкерлер айына 100 мың теңгеден кем төлейді
7-20-25: борышкерлер айына 100 мың теңгеден кем төлейді
Мамандар есебінше қарыз алушылардың 60%-ы ай сайын 100 мың теңгеден кем сома төлейді. Бұл ретте 7-20-25 бағдарламасы бойынша заем алушылардың 6%-ы ғана ең жоғары соманы несиеге алған (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 20 млн. теңге, басқа аймақтарда 12 млн.). Заем алушылардың қалың көпшілігі, ал бұл жалпы портфельдің 37%-ы, 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі сомада кредит рәсімдеген.
«Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағдарын толықтай растады. Алайда 7-20-25 ең алдымен мерзімділік, төлем қабілеттілік және қайтарым принциптеріне негізделген ипотека екендігін ұмытпауымыз керек. Ол банк алдында өзінің төлем қабілетін дәлелдеген, жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымы басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.
24 қазан күнгі жағдай бойынша, 7-20-25 бағдарламасы бойынша бір де бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар 44,5 млрд. теңге сомасына өтініш берген. Банктер оның ішінен сомасы 30 млрд. теңге болатын 2513 өтінімді мақұлдаған.
Елбасы өз Жолдауында қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту екенін айтқан болатын.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді