- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Азаматтық Альянсы халықтың әлеуметтік әлсіз тобына көмек көрсететін сайт ашады
Қазақстанның Азаматтық Альянсы халықтың әлеуметтік әлсіз тобына көмек көрсететін сайт ашады
«Таяуда ғана біз командамен халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беретін сайт ашу туралы бастама көтердік. Көрсетілетін көмек бар, бағдарламалар ұсынылуда. Алайда осы бағдарламаға қалай қатысу керек, қалай көмек алуға болады дегенге келгенде, өкінішке орай, қиындықтар бар. Осы тұрғыда халық кімге барып, не істеу керектігінен хабарсыз. Сол себепті біз сall-орталықтармен бірігіп осындай сайт құру туралы бастама көтеріп отырмыз», - дейді С.Рахымбекова.
Оның айтуынша, сайттың демо-нұсқасы қазірдің өзінде дайын. Қазіргі таңда сайттың қандай формамен және көлеммен шығатыны жайлы әріптестермен келіссөздер жүргізілуде.
«Барынша халыққа тиімді болуға тырысамыз. Барлық тұрмыстың ең өткір сауалдары біздің сайтта көрініс тауып, соған жауап беретін болады. Сайтқа кірген кез келген адам өз сауалына жауап табатындай болады. Анықтамалық секілді жұмыс істеу біздің басты мақсатымыз. Біз қоғамдық бірлестік ретінде пайдалы ақпаратты халыққа жеткізіп, өз кезегінде халықтың бағдарламаларға дер кезінде қатыса алуына жағдай жасаймыз», - дейді вице-президент.
Сонымен қатар, осы алаңда жұмыс берушілермен де екіжақты әріптестік құрылмақ.
«Мұнда барлық кірушілерге құрылымдық көмек көрсетіледі. Өйткені сайтта біз кері байланыстың рөлін күшейтеміз. Мұнда біздің азаматтардың түрлі ресурстарды пайдаланып, тиімді көмекке қол жеткізуіне қызмет етеміз», дейді Азаматтық Альянстың вице-президенті.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары