- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғалжын қорығы: Жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы
Қорғалжын қорығы: Жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы
Қорғалжын экологиялық обсерваториясының орнитологиялық орталығында Қазақстан оқушыларын экологиялық тәрбиелеу бағдарламасы басталды. Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігінің шағын гранттар бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, оның негізгі міндеті – Ақмола облысы Қорғалжын ауданының орнитологиялық аумағында құстарды бақылау үшін жағдай жасау болып табылады.

Жобаның мақсаты экологиялық тәрбие беру және оқушыларды табиғи ортада мекендейтін құстарды бақылауға тарту, орнитологиялық тәрбие мәселелерінің мақсаттары мен міндеттерін ақпараттық жария етуді кеңейту арқылы елдің болашақ дамуы үшін жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
Айта кетейік, жобаны іске асыруды дайындау бойынша жұмыстар 2016 жылы басталды, қонақ үй базасында мақсатты аудиторияны орналастыру үшін жағдай жасалған. Қорғалжында орнитологиялық орталықтың ашылуы 2017 жылдың қысында өтті. Орталыққа 298 адам келді, оның ішінде 201-і 16 жасқа дейін болса, 53-і шетелдік азаматтар.

Қорғалжын экологиялық обсерваториясының орнитологиялық орталығының директоры Құралай Түсіпбекова экологиялық тәрбиелеу бағдарламасы туралы айтып берді.
«Бұл жобаның басты мақсаты экологиялық таза табиғатты ұрпақтан ұрпаққа табыстау. АҚШ елшілігінің қолдауымен бұл жобаны жүзеге асырғалы отырғанымызға қуаныштымыз. Қорғалжын қорығында құстарды бақылаудың әлеуеті өте жоғары, 500-ден астам құстың түрі бар, 40-қа жуық құс Қызыл кітапқа енген. Бұл тек Қазақстанның ғана емес, барша әлемнің жетістігі. Ең басты міндет - бұл нығметті бұзылмаған күйі балаларымызға қалдыру. Өкінішке қарай, бүгінгі күні экологиялық білім беру бойынша мектеп бағдарламасы мазмұны мен мағынасына қарай шектеулі болып отыр. Флора мен фаунаны бақылау мүмкіндіктері жүйелі қолданылмай отыр», - деді Қ.Түсіпбекова.
Орталық директорының айтуынша, оның басты себебі, инфрақұрылымның әлсіздігі мен қоғамдық ұйымдардың белсенді болмауы.

«Қорғалжын аймағындағы құстарды бақылауға жағдай жасау, экологиялық тәрбиесі бар жас азаматтардың белсенді болуын арттыра түседі. Жобаның мақсаты мектеп оқушыларының елдің дамуына үлес қосуына жауапкершілік алуға тәрбиелеу», - деді ол.
Аталмыш жобаға қолдау көрсеткен АҚШ елшілігінің өкілі Серік Досалиев аталмыш грант елшіліктің жыл сайын өткізетін шағын гранттар аясында бөлінгенін атап өтті.
«Біз аталмыш жоба экологиялық білімді одан әрі арттырып, табиғатты аялауға жастарды жаппай жұмылдырады деп ойлаймыз», - деді ол.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали Қорғалжын қорығы мен экожүйесі бірегей екенін атап өтті.

«Бұл жоба ерекше жоба. Қорғалжын аймағын қорық және туристік орта ретінде дамыту өте маңызды. Аудан әкімімен Қорғалжында үнемі іс-шаралар өткізіп тұруды келістік. Бірнеше ай бұрын Астанада әлеуметтік сауал өткізген болатынбыз. Сол сауалдың қорытындысы бойынша адамдардың басым бөлігі Қорғалжынға келгісі келетіні анықталды. Қорғалжын аймағының табиғаты мен жануарлардың алуандығы , осы аймақтың бренді алқызыл қоқиқаздарды да тамашалағысы келетін адамдар жеткілікті. Орташа есеппен 10 адамның 7-уі Қорғалжынға келгісі келеді. Бірақ, қалай, қайда бару керектігі туралы ақпаратты барлығы біле бермейді», - деді Марат Иғали.
Әкім орынбасарының айтуынша, бұл аймақ Ақмола облысының маржаны және оның даму әлеуеті өте жоғары.
«Ақмола облысының әкімдігі бұл мәселені дамытпақ. Біз өңірде жол инфрақұрылымын дамытуды көздеп, туристердің орналасуына жағдай жасауды қарастырып отырмыз. Сондай-ақ, балаларды экологиялық тәрбиелеу мәселесі де өте маңызды. Қорғалжындағы орнитологиялық орталықтың республикада аналогы жоқ. Әлемдік туризмнің статистикасы ЮНЕСКО нысаны болып табылатын орынға орташа есеппен 150 адам келетінін көрсетті. Бұл көрсеткішке өңір де жетуі керек», - дедіә М.Иғали.
Сондай-ақ, шара аясында дәстүрге айналған «Фламинго» фестивалі өтті. Аталмыш шара Ақмола облысындағы ірі мәдени шаралардың бірі. Қорғалжын қорығының брендіне айналған шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары қатысты.

Қолөнер бұйымдары мен экология қатысты қысқаметражды фильм, сурет аталымдары бойынша ерекше көзге түсіп, жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Айта кетейік, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұраларының – Солтүстік Қазақстанның өзендері мен далалары – тізіміне енген. Қазақстандағы ең ірі қорықтардың бірі 1958 жылы ұйымдастырылған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағы 543 171 га жерді алып жатыр.

Бар аумақ тұтас учаскеден тұрады, жыл құсының Орта-Азия-Үнді және Сібір-Шығыс-Африка құс өрісі жолдарының қиылысында орналасқан және халықаралық маңыздағы маңызды су-томар жері болып табылады. Сондай-ақ, қорықтың биоәралуандығы бірегей. Ол 374 өсімдіктер флорасы өкілдері мен Қазақ ұсақтөбе флорасының ширегі – 60 тұқымдастықтан және су мен жер беті жануарларының 1400-ден астам түрінен тұрады.

Қорықта құстардың 346 түрі бар, олардан ұя салатындар – 126 түр. Теңіз-Қорғалжын көлдерінде құстардың су-томар кешені 112 түрден тұрады, ол Қазақстанға белгілі 130-дың 87 % құрайды. Қорықта сүтқоректілердің 43 түрі бар, ихтиофауна – 14 түр. Жәндіктер толық зерттелген жоқ, 700 түрден астамы анықталды, бірақ олардың түрлік әралуандылығы 5000-ға жете алады.
Аягөз Құрмаш
Фото: Нұржас Жақсыбай
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне не себеп -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы артты -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің маңызы -
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерiнiң бағасы 3,2%-ға артты -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады -
SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты»