- Басты
- Жаңалықтар
- Алғашқы бір айдың ішінде «www.Soyle.kz» порталына кірген пайдаланушылар саны 30 мыңнан асты
Алғашқы бір айдың ішінде «www.Soyle.kz» порталына кірген пайдаланушылар саны 30 мыңнан асты
2013 жылдың желтоқсан айының соңында Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін онлайн режимінде тегін оқытатын «www.Soyle.kz» интернет-порталын ашқан болатын. Жоба Мемлекеттік тілді дамыту Қорының бастамасымен «Қазақстан - 2050» Стратегиясында айтылған міндеттерді орындау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мен «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының қолдауымен жүзеге асқан болатын.
Сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры, онлайн курс идеясы мен концепциясының авторы Азат Шауеев: «Қазақ тілін үйрететін «www.Soyle.kz» интернет-порталының мақсаты қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейту, тілді тиімді әдіс-тәсіл арқылы үйрету және интернетті пайдаланушылардың өз бетімен білім алуын ұйымдастыру болып табылады. Бағдарламада тілдік құзыреттің барлық түрі: сөйлесім, айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері толық қамтылған.
Тілді меңгеру деңгей бойынша оқытуға негізделген және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады (қарапайым, базалық, орта деңгей, ортадан жоғары, жоғары). Бүгінгі таңда дүние жүзінде 5 млн. астам қазақ тұрып жатыр. Қазақ тілін үйренгісі келетіндер алыс-жақын шетелдерде де көп. Келесі жылы біз осы порталда ағылшын тілді пайдаланушылар мен шетелдегі қандастарымызға арналған оқыту бағдарламасын жасауды жоспарлап отырмыз. Дистанциялық оқыту мен инновациялық әдіс-тәсілдер көптеген отандастарымызға мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, оқу бағдарламасы тәулік бойы жұмыс істейді және барлық үйренушілер үшін тегін. Оқуды бастау үшін алдымен «www.Soyle.kz» сайтына кіріп, тіркелу керек. Арнайы әзірленген материалдар қазақ тілін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жедел меңгеруге және тіл үйренушілердің өздері алған білік-дағдыларын күнделікті өмірде еркін пайдалана алуға мүмкіндік береді. Жобада үйренуге тиімді оқу материалдары мен ақпараттық жүйедегі жаңаша мультимедиялық мүмкіндіктер (графикалық суреттер мен анимация түрлері, аудио және бейне материалдар) үйлестіре берілген.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері