• Басты
  • Жолдауды жүзеге асыру: 1 трлн 288 млрд теңге қайда жұмсалады
18 Қазан, 2018 15:26

Жолдауды жүзеге асыру: 1 трлн 288 млрд теңге қайда жұмсалады

Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыруға бағытталған қаражаттың бөлінуі туралы мәлім болды.Қаржыминінің басшысы хабарлағандай үш жылдық кезеңге Жолдауда қамтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға 1 трлн. 288 млрд. теңге көзделген.

Жолдауды жүзеге асыру: 1 трлн 288 млрд  теңге қайда  жұмсалады | Strategy2050.kz

ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов республикалық бюджеттен 3 жыл ішінде 966,1 млрд. теңге бөлінетін болатынын айтты.

 «Қаражат ең аз жалақы мөлшерін арттыратын болады (288,9 млрд. теңге үш жыл ішінде), 85,8 млрд. теңге – 275 азаматтық қызметшілердің тікелей жалақысын арттыру үшін, 10,4 млрд. теңге – салықтық шегерімді арттыруға байланысты өңірлердегі кіріс бөліктің залалын өтеуге», - деді министр.

Өндеу өнеркәсібі мен экспортты дамытуға үш жыл ішінде 500 млрд. теңге, оның ішінде 322 млрд.теңге – Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен бұрын бөлінген қаражатты қайтадан пайдалану.

Шағын және орта бизнесті дамытуға (БЖК-2020 бағдарламасы бойынша) үш жылда 90 млрд. теңге немесе жыл сайын 30 млрд. теңгеден көзделді.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үш жылда 300 млрд. теңге немесе жыл сайын 100 млрд. теңге бөлінетін болады.

Жақын арадағы 5 жылда «Нұрлы жер» мембағдарламасы бойынша 650 мыңнан астам тұрғын үй салу жоспарлануда (76,6 млн. шаршы м), бұл біздің азаматтардың шамамен  2 миллионнан астамын тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

««7-20-25» Бағдарламасы шеңберінде жақын арадағы 5 жылда 100 мыңнан астам отбасы тұрғын үйге ие болады. Жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын салуды арттыруға 3 жыл ішінде қосымша 30 млрд. теңге бөлінетін болады, бұл 250 мыңнан астам отбасының тұрғын үйін жақсартуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Білім беру объектілерінің құрылысына – оқушы орындарына үлкен тапшылыққа тап болып отырған өңірлерге, сондай-ақ үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге байланысты проблемаларды шешу үшін бюджеттен үш жыл ішінде 50 млрд. теңге бөлінетін болады.

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп психологтарының жұмысын күшейту шеңберінде 16,8 млрд. теңге немесе жыл сайын 5,6 млрд. теңге бөлінетін болады.

Әлихан Смайылов Қаржы министрлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізетін болады деп хабарлады.

Сондай-ақ заңды тұлғалар үшін салықтық құқық бұзушылар бойынша қылмыстық жауапкершіліктің шегін арттыру жөнінде тиісті заңнамалық нормалар әзірленуде (ҚК-нің 245-бабы) 20 мың АЕК-тен  (48,1 млн.теңге) 50 мың АЕК-ке (120,2 млн.теңге) дейін.

Оңалту және банкроттық бойынша оңалту және банкроттық рәсімдерінде тұмшаланған активтерді экономикалық айналымға қайтару бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды