- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдауда айтылған бастамалардың маңызы зор – сарапшы
Жолдауда айтылған бастамалардың маңызы зор – сарапшы
16 Қазан, 2018 15:05
Жолдауда айтылған бастамалардың маңызы зор, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауына қатысты өз пікірінде ҚР Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров.
Ерлан Сайыров Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне айрықша мән берілгенін атап өтті.
«Педагог – тек қана оқытушы емес, ол – ең алдымен жаңа тұрпаттағы азаматтық тәрбиеші. Сондықтан бүгінгі таңда осы оқытушының, ұстаздың миссиясын, оның әлеуметтік статусын белгілі бір жоғары деңгейге көтеру өте маңызды», - деді Е.Сайыров.
Оның айтуынша, бұл бастама бүкіл қоғамда әлеуметтік оптимизм тудырары анық.
«Сондықтан Мемлекет басшысы ұстаздардың статусына аса мән беріп, арнайы заң қабылдауды тапсырды. Мұның маңызы өте зор. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесіне де айрықша көңіл бөлініп отыр. Жұмыс кестесі, күн тәртібі жүйелеген ел қарқынды дамиды», - деді ҚР Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз