Қазақстандықтардың ортақ мұраты - тәуелсіздікті нығайту

20 Қаңтар, 2014 15:25
Қазақстандықтардың ортақ мұраты - тәуелсіздікті нығайту, деп «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтары қауымдастығы» ҚБ төрағасы Р.Валиев есептейді.

«Біздің ортақ мүддеміз болуы тиіс. Сонымен қатар, біз тәуелсіз, дамыған елде тұруымыз керек. Осы ретте Елбасы 2050 жылы алға қойған мақсаттарымызға жетудің дұрыс бағытын айқындап берді», - деп Р.Валиев атап өтті.

Оның айтуынша, Елбасы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін мемлекет алдында нақты талаптар қоя білген.

«Мемлекет басшысы экономиканың инновациялық үлесі мен өндіруші сектордың тиімділігін арттыру керек деп баса айтты. Ғылымды көп қажетсінетін экономиканы құру үшін ғылым өзі жаңалық ашып, өзі соны жасап шығаруы тиіс. Сондай-ақ, шетелдік инвесторлар бізде тек шикізат көзін өндіріп қана қоймай, техникалық құрал жабдықтарды жөндейтін зауыт, фабрикаларды салуы керек. Н.Назарбаев өз Жолдауында шағын бизнес отбасылық дәстүрге айналуы керек деп ескерді. Осы мақсатта қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстан экономикасының үлесі біршама арта түсті. Менің ойымша, бұл - дұрыс қадам», - деп Р.Валиев өз ойын қорытындылады.

 

Барлық жаңалықтар