• Басты
  • Жолдаудағы бастамалар дамуды дәйекті жалғастыруды көздейді – депутат
15 Қазан, 2018 09:09

Жолдаудағы бастамалар дамуды дәйекті жалғастыруды көздейді – депутат

Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің кезең-кезеңмен дамуының дәйекті жалғасы және еліміздің барлық азаматтары үшін нақты бағдар ретінде қызмет етеді, деді Елбасы Жолдауы бойынша өз пікірінде Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков.
Жолдаудағы  бастамалар  дамуды дәйекті жалғастыруды көздейді – депутат

Сенат депутатының айтуынша, азаматтардың жайлылығын бағалау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды көрсеткіштер ретінде анықталған адамдардың қауіпсіздігі мен сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету осы прогрессивті ілгерілеуде зор рөл атқарады.

«Сот жүйесiн жетiлдiру және құқық қорғау органдарының жұмысын қайта құру, атап айтқанда, соттардың заманауи формаларын және қосымша электрондық қызметтердi енгiзу, қажет емес сот рәсiмдерiн қысқарту, бейресми функцияларды оңтайландыру, персоналды іріктеу және мансапты жоғарылату, қазіргі заманғы форматтарды енгізу туралы міндеттерді орындау халық сенімі мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», - деді Владимир Волков.

Депутат айтып  өткендей,  медиация институты жанжалдарды шешудегі баламалы әдіс ретінде соттардың қызметін жетілдіруде маңызды рөл атқаруы керек сияқты.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында «соттарды жеңілдету үшін, дауларды соттан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру керек» деп анық айтқан болатын. Медиация соттарды жеңілдетуді ғана емес, сонымен бірге судьялардың өте күрделі процестерге баса назар аударуына мүмкіндік береді. 2017 жылдан бастап медиаторлармен байланысты істер саны орта есеппен 30 пайызға артты.Өз кезегінде біз, Парламент депутаттары, Елбасымыздың Жолдауында қойылған мемлекеттік тапсырмаларды тиімді орындау үшін бар күш-жігерді жұмсаймыз, бұл жаңа кезеңде қабылданған заңдарының сапасына тікелей байланысты», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды