- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдаудағы барлық бастамалар адами капиталды жақсартуды көздейді – сарапшы
Жолдаудағы барлық бастамалар адами капиталды жақсартуды көздейді – сарапшы
Қанат Оспанов айтып өткендей, Елбасы Жолдауы соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан Президенттің стратегиялық бағытының айқын куәлігі болды.
«Жолдауда мемлекеттің әлеуметтік даму бағыты мен нақты ұсыныстар айтылды. Бұл ең төменгі жалақының 1,5 есеге өсуі. Оның әсері өте үлкен болады деп ойлаймын. 1,3 млн адамның табысы өседі. Ел экономикасына бұл көрсеткіш өте маңызды деп есептеймін.
Сондай-ақ, ол медицина мен ұстаздардың мәртебесіне қатысты маңызды мәселелер айтылғанын атап өтті.
«Жолдаудағы барлық бастамалар адами капиталды жақсартуға бағытталған. Елбасының қаңтардағы Жолдауында да экономика мен шынайы секторға Ұлттық банктың ұзақмерзімді субсидия беруі қажеттігі туралы айтылған болатын. Осы жолғы Жолдауында да осы бастамаға қатысты нақты тапсырма берді. Бұл бастамалар Қазақстанның экономикасына оң әсер беретініне сенімдімін», - деді ол.
Сарапшы айтып өткендей, қазір жаһанда экономикалық тұрақсыздық белең алып отыр. Ал Елбасы Жолдауында айтылған бастамалар күрделі кезеңде экономикаға серпін береді.
Аягөз Құрмаш
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды