- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдау барлық салалардың жұмысын жандандыруға бағытталған – сарапшы
Жолдау барлық салалардың жұмысын жандандыруға бағытталған – сарапшы
Департамент басшысының айтуынша, биылғы Жолдау барлық салалардың жұмысын жандандыру мен серпілтуге қатысты болғанымен әр салаға бөлек-бөлек тоқталып, ондағы кезек күттірмейтін мәселелерді шешудің жолдарын көрсетіп берді.
«Сондықтан да болар қазіргідей жаһандық талаптар мен шарттар ұлғайған кезеңде өзінің білім-білігін халықтың дамуына, әл-ауқатының артуына түбегейлі беретін, сол жолда туралықтан таймай, адал әрі әділ қызмет ететін мемлекеттік қызметші керек екендігі белгілі. Осыған орай Елбасы: «Кез келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқаратын болады» – деп мемлекеттік аппарат жасақтаудың тиімділігін ұғындырды», - дейді ол С.Нұрғисаев.
Ол айтып өткендей, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі 4 органдағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2-2,5 есеге өскенін, сол арқылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне қарасты органдарда жұмыс істеуге деген қызығушылықтың күрт артқанын күллі Қазақстанға паш етті.
«Шыны керек, мұндай қолдаудың негізінде мемлекеттік қызметшілердің бет-бейнесін қалыптастыру міндеті жатқанын түсіну аса қиын болмас.Елбасының биылғы Жолдауының аты айтып тұрғандай халықтың әл-ауқатының артуына негізделіп, «Сапа» жаңа формациясы жұмыс істейтінін, мемлекеттік бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, халықтың игілігіне жұмсау керектігін, сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары күшейтіліп, мемлекеттік қызмет толықтай электронды форматқа көшірілетіні, Үкімет мен барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы формализм мен бюрократтықты түп-тамырымен жою қажеттігі айтылып, Президент Әкімшілігінде Ұлттық жаңғыру офисін құру тапсырылды. Бұл тұрғындар арасында өзекті мәселелер жөнінде тұрақты түрде сауалнама жүргізіп, халықтың ойын білуді қамтамасыз етеді. Нәтижелерді тікелей Мемлекет басшысына хабарлап отыруы тиіс офис жұмысының тиімділігі оң нәтиже береді деп сенемін», - деді С.Нұрғисаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді