- Басты
- Жаңалықтар
- Кедендік одақтағы ең қуатты экономика Қазақстанда – HSBC банкінің сарапшылары
Кедендік одақтағы ең қуатты экономика Қазақстанда – HSBC банкінің сарапшылары
«Кедендік одақ елдері ішінде, жалпы ТМД елдеріндегі ең қуатты экономикаға Қазақстан ие, дейді HSBC банкі сарапшылары. Олармен Дүниежүзілік банкі мамандары да келісіп отыр: соңғы болжамдар бойынша әлемдік экономиканың дамуы елдің ЖІӨ-нің 6% пайыз өсіміне жағдай жасап, бұл қарқын 2016 жылға дейін сақталмақ», - делінген хабарламада.
2013 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан экономикасының өсімі мұнай секторының қалпына келтірілуі мен егін шығымының, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 3,9 пайызға артуының арқасында мүмкін болып отыр.
Осыған орай 2014-2015 жылдары Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісі экономикаға қосымша серпін бермек.
Сонымен қатар, сарапшылар ҚР Үкіметінің белсенді түрде реформа жасап жатқанына назар аударады. Бір кездері шикізатқа төмен сұраныстың кесірінен ағымдағы операциялар есебінің тапшылығы байқалған еді, Ұлттық банк осы кезде валюталық саясатты өзгертті.
HSBC банкі сарапшылары Ресей экономикасының 2015 жылға дейінгі өсімін 2% аспайды деп болжап отыр.
Сондай-ақ, сарапшылар Беларусь экономикасының да қалпына келетіні жайлы болжам жасайды. «Егер билік реформаға бет бұратын болса, 2014 жылы бұл ел де 2014 жылы қаржыландыруға деген мұқтаждықтан айырылып, қорды да басы бүтін сақтап қала алады», - делінген хабарламада.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді