- Басты
- Елбасы бастамалары халықтың игілігін арттыруға бағытталған – сарапшылар пікір
Елбасы бастамалары халықтың игілігін арттыруға бағытталған – сарапшылар пікір

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ә. Бейсеуов атындағы орта мектептің мұғалімі Алма Маханова Елбасының кезекті Жолдауын тыңдап, онда ұстаз беделін арттыруға ықпал ететін «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеуді ұсынғандығын естіп, марқайып қалғанын жеткізді.
«Бұл құжат мұғалімдер мен тәрбиешілерді артық жүктемеден арылтуға сеп болмақ.Расында да қазір ұстаздарға артылып жатқан салмақ зор. Жаңа заманның жаңа оқушысын тәрбиелеумен қатар өз міндетіне жатпайтын өзге де міндеттерді атқаруына тура келіп жатады. Осы тұрғыдан алғанда Елбасы ұсынып отырған заң аса қажет.Мемлекет басшысы мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға да мән беріп, бұл орайда тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбекақысын қайта қарау қажеттігін атап өтті. Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол картасын» әзірлеуі қажеттігін алға тартты», - деді ұстаз.
Сондай-ақ, ол Елбасының үш ауысымды мектептерді түбегейлі жоюды да тапсырғанын атап өтті.
«Бұл орайда облысымызда қарқынды жұмыс жүріп жатқанынан, осы мақсатта өткен жылы 38 мектеп салынғанынан хабардармыз. Елбасы Жолдауында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесін мемлекеттік мектептерге бірыңғай стандарт ретінде енгізу қажеттігін, білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс екендігін де айта кетті. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңыздылығына да тоқталды.Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді тапсырды.
Осылайша Елбасының Жолдауы білімнің өзекті мәселелерін қозғауымен көңілімізден шықты. Оның оқытудың өзекті мәселелерінің шешілуі мен ұстаз белелінің артуына ықпал етеріне кәміл сенеміз», - деді А.Маханова.
Өз кезегінде «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ агротехнология жөніндегі кеңесшісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әбілқайыр Бексұлтанов Елбасының бұл жолғы Жолдауы да тың идеяларға толы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі көтеруге арналғанын айтты.
«Мемлекет басшысының барлық Жолдауын еліміздің жарқын болашағына арналған стратегиялық құжат деуге болады. Жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар кезең-кезеңімен қарастырылған. Осы ретте кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы, білім, денсаулық, заң, тағы басқа салаларға жеке-жеке тоқталған Елбасы Қазақстандағы ауылшаруашылығы мамандарын жаңа технологиялар бойынша жаппай оқытуды, 2022 жылға қарай еңбек өнімділігін ұлғайтып, өңделген ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыруды, сондай-ақ, мемлекеттік қолдаулардың барлық шарасын заманауи агротехнологияларды тартуға бағыттау керек екенін айтты. Айта кетейік, облыста жаңа технология жүйесінде биыл қант қызылшасы 11 мың гектар алқапқа егілген. Әр гектардан орта есеппен 400 центнерден өнім жиналады деп күтілуде. Одан 40-42 мың тонна қант өндіріледі. Бұл дегеніңіз, 2 миллион халқы бар облыс тұрғындарының азық-түлік қажеттілігін толық қамтамасыз етеді деген сөз. Осының бәрі жаңа технологиялардың арқасында қол жеткізілген нәтиже», - деді ол.
Сондай-ақ, ол Елбасы бірінші қаңтардан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізілетінін мәлімдегенін айтты.
« Халықты толғандырып жүрген өзекті мәселелерге ден қойған Президент жергілікті маңызы бар жолдарды қалпына келтіріп, ауылды жерлерді сумен қамтуға бөлінетін қаражат көлемін ұлғайтуды, сондай-ақ, өңірлік, қалалық инфрақұрылымдарды дамытып, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселесін шешуді назарға салды. Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсартып, келешегі жоқ ауылдарды дамытудың қажет еместігі де айтылды», - деді ол.
Ол атап өткендей, Жолдау елдің игілігін арттыруға бағытталған құжат.
«Қалай десек те, ел жағдайын жақсартып, экономиканы дамытуға серпін беретін, жан-жақты саланы қамтыған маңызды құжат болашаққа сенім ұялатып, тың бастамаларды жүзеге асыруға жетелейді деп ойлаймын. Сондықтан, ел игілігіне арналған маңызды құжаттың жалпы қарапайым халықтың ойынан шығып, жүрегінен орын алары сөзсіз», - деді Әбілқайыр Бексұлтанов.
Аягөз Құрмаш
-
Сенатта қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды
Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
13 Желтоқсан 2019, 11:24
-
Елбасы Қоры үздік әдеби шығармалардың авторларын марапаттады
Назарбаев орталығында V «Алтын тобылғы» әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
12 Желтоқсан 2019, 18:09
-
Білім беру сапасын қалай арттыруға болады
Білім беру саласының барлық деңгейінде сапаны арттыру – білім беру және педагогикалық ғылым саласына қатысты барлық мемлекеттік басқару органдарының басты міндеті. Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті өткізген «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған тапсырмалар аясында Қазақстан Республикасының білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша заңнамасын одан әрі жетілдіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысушылар осылай деп санайды.
12 Желтоқсан 2019, 09:52
-
ҚР Тұңғыш Президенті: 5-бөлім. Елбасы жолы
Биыл наурыздың 19-ы күні Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік телеарналар арқылы ҚР президенті ретінде өкілеттілігін тоқтатанын мәлімдеді. Осылайша Назарбаев президенттіктен өз еркімен бас тартқан Орталық Азия кеңістігіндегі алғашқы басшы болып тарихта қалды. Осы орайда, Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының президенттіктен кеткеннен кейінгі кезеңдегі маңызды оқиғаларға, саяси шешімдеріне шолу жасағанды жөн көрдік.
29 Қараша 2019, 18:24
-
Н. Назарбаев Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары мен талантты жастармен кездесті
Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары мен еліміздің талантты жастарымен кездесті.
27 Қараша 2019, 18:21
-
СІМ өкілі Гонконгта ұсталған қазақстандық студентке қатысты пікір білдірді
18 қарашада Гоконгтағы наразылық кезінде Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр жергілікті полициямен ұсталған еді. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров журналистерге берген сұхбатында қазақстандық студенттің жағдайы тұрақты екендігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 17:12
-
Елбасы Қоры мен британдық ғалымдар бірлескен жобаларды жүзеге асырады
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының делегациясы Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Лондонда Қор бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде ынтымақтастық бойынша бірқатар кездесулер өткізді.
07 Қараша 2019, 09:13
-
Н. Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуға тиіс
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.
06 Қараша 2019, 15:01
-
Елбасы Түркістанда БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Елбасы журналистер алдында сөйлеген сөзінде Түркістан аумағында қарқын алған құрылыс жұмыстарының ауқымын атап өтті.
05 Қараша 2019, 17:43
-
Елбасы Түркістандағы бірқатар нысанды аралады
Елбасы Түркістан қаласындағы бірқатар нысанды аралады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттер парақшасына жазды.
05 Қараша 2019, 11:42
-
Елбасы Жапония Императорының ресми таққа отыру рәсіміне қатысты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысты.
22 Қазан 2019, 18:09
-
Сарапшылар қауымдастығы Президенттің Жолдауын талқылады
Сарапшылар қауымдастығының диалогтық алаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
07 Қазан 2019, 17:04
-
Қ.Тоқаев «Валдай» пікірталас клубының отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Валдай» пікірталас клубының отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
04 Қазан 2019, 09:06
-
Заң жобасына енгізілетін барлық өзгертулер отандық БАҚ-ты қолдауға бағытталған – Д.Абаев
Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңес отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы мақұлданды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қыркүйек 2019, 13:56
-
Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достастық қарым-қатынаста – Елбасы
Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынасын ұстанады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдері парламенттері 4-кеңесінің бірінші пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
24 Қыркүйек 2019, 10:55
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды