- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлт көшбасшысының әр бастамасы миллиондаған адамдардың мүдделеріне әсер етеді – депутат
Ұлт көшбасшысының әр бастамасы миллиондаған адамдардың мүдделеріне әсер етеді – депутат
Депутаттың айтуынша, ең маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі - тұрғын үймен қамтамасыз ету.
«Қалалық мәслихатының депутаты ретінде бұл мәселе маған өте маңызды, себебі өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй мәселесі болып табылады, өйткені, бұл мәселе әрдайым біздің халқымыздың ең өзекті және проблемалық мәселелерінің бірі болып табылады. «7-20-25» жаңа ауқымды бағдарлама тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттырады деген ойдамын», - деді Г.Касенов.
Депутат айтып өткендей, әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауы жоспарланған, бұл біріншіден, педагогтер, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қол жетімділігін арттырады.
Әкімдіктер сондай-ақ жергілікті бюджеттен төленетін бастапқы жарнаның жартысын субсидиялауды қамтамасыз етті, бұл тәжірибе біздің елордамызда сыналды.
«Бұл бағдарлама 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді. Ұлт Көшбасшысының әр бастамасы миллиондаған адамдардың мүдделеріне әсер етеді. Бұл оңай қадам емес, бірақ оған күшті, экономикалық тұрғыдан тұрақты мемлекет құру арқылы келдік», - деді депутат.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Мемлекет басшысының экономикадағы әрбір қадамы біздің халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
«Біздің басты мақсатымыз – халықтың сенімін нығайту, сондықтан қазіргі заманғы идеяларды және дамудың тиімді жолдарын пайдаланып, біз алдымыздағы барлық міндеттерді шешетінімізге сенімдімін», - деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі