• Басты
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде қандай мәселелер талқыланады
8 Қазан, 2018 16:07

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде қандай мәселелер талқыланады

Биылғы 10-11 қазанында Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VI съезі өтеді. Съез «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» тақырыбына арналып отыр.
Әлемдік  және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VI  съезінде қандай мәселелер  талқыланады | Strategy2050.kz

Съезд жұмысына әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация қатысады. Олардың ішінде беделді саясаттанушылар, ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, зороастризм діндерінің лидерлері, сондай-ақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, АМЛ (Араб Мемлекеттерінің Лигасы) және т.б халықаралық және  қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

Алтыншы Съезд аясында 2 пленарлық сессия және 4 секциялық отырыс өтеді. Секциялық отырыстардың тақырыбы: «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы ретінде», «Құбылмалы геосаясаттағы дін: адамзаттың ынтымағы үшін жаңа мүмкіндіктер», «Дін және жаһандану: қатерлер мен жауаптар», «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлер экстремизм және терроризмді еңсеруде».

Бұдан бөлек, форум аясында дәстүрлі түрде дін лидерлері кеңесінің үшінші отырысы өтеді.

Съездің ашылуына Сербия Президенті Александр Вуич, «Әл-Азхар» бас имамы Шейх Мухаммед Ахмад Ат-Тайеба,  ЕҚЫҰ бас хатшысы Томас Гремингер,   Аса Қасиетті Патриарх Феофил ІІІ, Аса Мәртебелі Кардинал, Құқықтық мәтіндерді интерпритациялау жөніндегі Папалық кеңестің құрметті төрағасы Франческо Коккопальмерио, Израилдің бас сефард раввині Ицхака Иосиф   қатысады деп жоспарланған.

2015 жылы  өткен  V Съездегі Мемлекет басшысының бастамаларын орындау аясында, іс-шара өтетін күндері Бейбітшілік және Келісім мұражайы ашылады, сондай-ақ, дінаралық диалог пен форум жұмысына белсенді үлес қосқаны үшін  Астана халықаралық сыйлығы және Съездің Құрмет грамоталары табысталады.

Еске сала кетейік, алғаш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өткен болатын.

Съезд 15 жыл ішінде конфессияаралық және дінаралық қатынастар мәселелерін талқылауға арналған беделді халықаралық алаңға айналды.  

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу арқылы Қазақстан бүкіл әлемдік қоғамдастық алдында ұлттық консенсустың және қоғамды біріктірудің үлгісін көрсе білді. Біздің еліміз этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау бойынша үлкен тәжірибеге ие және осы салада  әрдайым тиімді ынтымақтастыққа дайын.

Діннің қоғамдағы рөлінің артып келе жатқанын түсінген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының форумын өткізу туралы бастама көтерген болатын.

Мемлекет басшысының пайымынша, сенім мен өзара түсіністік негізінде құрылған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының диалогы осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың кең перспективаларын ашып, төзімсіздік, кемсітушілік, зорлық-зомбылық, діни экстремизм және терроризм және т.б. қазіргі замандағы теріс көріністерді жеңуге көмектеседі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды