- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Жолдауы – шынайы қамқорлықтың бейнесі - депутат
Елбасы Жолдауы – шынайы қамқорлықтың бейнесі - депутат
Депутаттың айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төменгі еңбекақыны бір жарым есе ұлғайту көзделуде. Сол арқылы барлық салаларда, барлық меншік түріндегі кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 1,3 миллион адамның жалақысы ұлғаятын болады. Мұндағы мақсат – адамдардың қолайлы өмір сүруіне тікелей жағдай жасау.
«Шынында да, адам еңбек еткенде ғана табысы өседі. Сондықтан, мәселен, күнделікті ісінде жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабылеті мол бөлімшелік медицина қызметкерінің жалақысы еңбек нәтижесіне қарай көтеріліп отырады. Осы мақсатта алдағы жылға бюджеттен 5 миллиард теңге қарастырылмақ», - деді М.Жұмағазиев.
Депутат айтқандай, қазір мектеп әкімшілігі және ата-аналармен жұмыс жасап жүрген мұғалімдер өзінің тікелей міндетіне көбіне-көп уақыт таба алмай қалады.
« Ұстаздық қызмет – ауыр еңбек. Осыған орай Елбасы алдағы жылы «Ұстаз мәртебесі туралы» Заң қабылдап, бұл салада біліктілік талаптарын оқыту әдіснамасын, тәрбиешілер мен бала бақшадағы өзге де қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау керек екенін атап көрсетті.Елбасы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ауыл тұрмысын одан әрі жақсартуды тағы да ерекше атап өтті. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында соңғы үш жылда қалалар мен ауылдарды байланыстыратын 2400 шақырым автожол салынып, жөндеуден өтті. Ал, 2020 жылға дейін автожол салу көлемі одан екі еседен асып түседі. Күні бүгінге дейін бірқатар елді мекендерде ауыз су мәселесі өткір күйінде қалуда. Сондықтан ауыл-аймақтағы су проблемасын шешу үшін бюджет мөлшері 100 млрд. теңгеге дейін көбейтіледі», - деді депутат.
Сондай-ақ, Сенат депутаты «Ауыл – ел бесігі» дей отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы ауылдағы кәсіпкерлерді жаңа талаптарға сай жаппай оқыту жүйесін қолға алу қажеттігін атап көрсеткенін жеткізді.
«Осы мақсатқа, соның ішінде ғылымға жыл сайын қосымша шамамен 100 миллиард теңге қарастыру жөнінде Үкіметке тапсырма берілді. Бұл орайда экономиканың инновациялық және сервистік секторларын дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.Әрине, «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасына негізделген бүгінгі Жолдаудың қазақстандықтар үшін игілікті бағыттары көп. Соның ішінде ауылдың, аграрлық сектордың дамуына соны серпін әкелетін тұстары да мол», - деді М. Жұмағазиев.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі