- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Жолдауының бастамалары ең басты салаларды дамытуға бағытталған – сарапшылар
Елбасы Жолдауының бастамалары ең басты салаларды дамытуға бағытталған – сарапшылар
«Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Әсима Бимендина Елбасы Жолдауындағы игі бастамалар туралы айтып берді.
«Мен көп жылдар ұстаздық салада жұмыс істеп жатырмын. Сондықтан бүгінгі Елбасының білім саласына ЖІӨ 10 пайызына дейін қаражат бөлуі – бұрын болмаған жағдай. Тағы бір айта кетерлігі, педагогтың статусы туралы заң қабылдау. Бұл да ұстаздардың бұрыннан күтіп жүрген жағдай. Тағы бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мектепке білім беру саласының сапасын арттыратын ерекше бағдарлама әзірлеу... бұлардың барлығы білім саласына маңызды. Білім саласына көңіл бөлген мемлекет – өз болашағын ойлайтын мемлекет», - деді Ә. Бимендина.
Сондай-ақ, Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының директоры Андрей Агеенко Елбасы ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлетінін жеткізді.
«Елбасы тарапынан жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінеді. Жолдауда айтылған барлық бастамалар бізге үлкен серпін жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Аграрлық ғылым саласының алдында нақты тапсырмалар пайда болады. Елбасы тапсырмасы бойынша биылғы жылы алғашқы қадамдар жасалған болатын», - деді Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының директоры Андрей Агеенко.
Аягөз Құрмаш
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген