- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Жолдауында жастарға аса көңіл бөлінген – жастар
Елбасы Жолдауында жастарға аса көңіл бөлінген – жастар
«Қазіргі жасалып жатқан жақсылықтың барлығы жастарға бағытталып отыр. 2050-ші жылды Қазақстанда құру және онда өмір сүру мүмкіндігі бізге, яғни жастарға беріліп отыр. Сондықтан да елімізде алғаш рет жастар жылын атаудың өзі жастарға арналған тарихи мүмкіндік», - деді ол.
Оның айтуынша, жастарды материалдық өнімдерді шығаруға ғана емес, заманауи өнімдерді өндіре алатын, бәсекеге қабілетті жастарды дайындауымыз керек.
«Біліктілікті арттыру жағынан «Жас Отан» жастар қанатының тарапынан бірқатар шаралар жүргізіліп жатыр. Ауылдағы жастарды ағылшын тіліне үйрету, кітапхана жұмыстарына жаңғырту жасап, біліктілігін арттыру сынды шаралар жүргізіліп жатыр», - деді Дәулет Кәрібек «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы.
Өз кезегінде Қазақстан студенттер альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев Елбасының Жолдауында жастарға көп көңіл бөлінген.
«Елбасы биыл студент жастарға көп көңіл бөліп отыр десем болады. Себебі, жыл басынан бері жарияланып келе жатқан студенттерге арналған қосымша 20 мың грант, студенттерге қосымша 75 мың орындық жатақханалары және бүгінгі күні айтқан білім саласына назар аударуы – өзіміздің студенттердің шетелге оқымай, еліміздегі ЖОО-да оқыту тапсырмаларын атап өту керек. Сонымен қатар, келесі жылды «Қазақстан жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл – дегеніміз студент жастарға керемет мүмкіндік. Себебі қазіргі жастар шетел оқу орындарын таңдап отыр. Сондықтан қазіргі уақытта ЖОО рейтингін жоғарылату, білім сапасын арттыру, қайта даярлау курстарынан өткізу – мұның барлығы ел экономикасын көп шығын келтірмей, сапалы мамандар даярлауға мүмкіндік береді», - деді Түстікбаев.
Елбасы өз Жолдауында былай деген еді:
«Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын.Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді.Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек.Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн», - деді Елбасы.
Аягөз Құрмаш
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр