- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының бастамаларын толық қолдаймыз – сарапшылар
Елбасының бастамаларын толық қолдаймыз – сарапшылар
Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының ғылыми қызметкері Маханова Жұпар Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында халық алдындағы нақты тапсырмаларды нақтылап беретінін жеткізді.
«Елбасымыз жылда халыққа Жолдау арнайды. Әр Жолдауда еліміздің алдағы жоспарын нақтылап айтып береді. Биылғы Жолдауда менің назар аударғаным білім және денсаулық саласына ЖІӨ-нің 10 пайызы бөлінеді деді. Қазіргі уақытта бізде 5-6 пайыз ғана бөлінеді. Ал АҚШ-та 17-18 пайызға дейін тек қана медицина саласына бөлінеді. Яғни, біздің осы дәрежеге келе жатқанымыз маңызды. Мемлекет басшысы онкологиялық орталық салу туралы тапсырма берді. Осы айтқанымен толық келісемін. Себебі қазір онкологиялық аурудың түрі өршіп тұр», - деді дәрігер.
Ол айтып өткендей, осыдан бірнеше жыл бұрын туберкулез өршіп тұрған болатын. Кейін ол кісі осыны қолға алуды тапсырды.
«Қазір де ол ауру азайды. Содан кейін, соңғы 10 жыл ішінде ана өлімі 3 есе, бала өлімі 2,5 есе азайған. Бұл – енді дәрігерлердің жетістігі», - деді дәрігер.
Өз кезегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев жарияланған Жолдауда халықтың дамуына сүбелі үлес қосатынына сенімді екенін жеткізді.
«Мәдениет саласының өкілі болғаннан кейін осы сектор бойынша айтылған мәселелер қызықты болды. Ұстаздардың және қарапайым халықтың жалақысын көтеріп жатыр. Түлектер білім ордасын тәмамдаған соң оларды жұмысқа орналастыру бізге жүктеледі. Оны қазірден бастап қарау керек. Экономикалық тұрғыдан да көптеген дүниелер айтылды», - деді А.Жүдебаев.
Ректор атап өткендей, мәдениет өкілдері Елбасы жүктеген барлық тапсырмаларды орындауға дайын.
Аягөз Құрмаш
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі