- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Жолдауындағы бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған - депутат
Елбасы Жолдауындағы бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған - депутат
Астана қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов Елбасы Жолдауында айтқан еңбекақы көлемін арттыру туралы айтып өткім келеді.
«Бұл 1,5 млн азаматтың жалақысы айтарлықтай, яғни 35 пайызға артады деген сөз. Бюджетке түсетін үлкен қысым, алайда мемлекет азаматтардың жағдайы үшін бұл қадамға барып отыр. Осы жайтты нығыздап айтар едім», - деді М.Шекенов.
Сондай-ақ, М.Шекенов тұрғын үй құрылысты өзектендіру мәселесіне тоқтады.
«Субсидиялау мен алғашқы жарна өте маңызды мәселе. Бұл баспананың азаматтарға қолжетімді болады деген сөз. Қазір әртүрлі бағдарламалар бар, 7-20-25 те бар. Алайда, Елбасы айтқан алғашқы жарнаны субсидиялау арқылы біз баспанаға ие болған азаматтардың санын арттырамыз.», - деді ол.
Сонымен қатар, сарапшы айтып өткендей, денсаулық сақтау мен ғылым, білім беру саласына ЖІӨ-ні 10 пайызға арттыру өте қажет бастама. Себебі, бұл салаларсыз ешбір ел дами алмайды. Елбасы айтқандай, қазір бұл салаларды дамытпасақ, 10 жылдан кейн кеш болады», - деді М.Шекенов.
Сондай-ақ, депутат Елбасының ұстаздың мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлді.
«Елбасы дұрыс айтты, қазір ұстаздар кез келген шаруаға араластырыла береді. Ал, білімге уақыт қалмайды. Сондықтан да, біздің жастарымыз өзге елге оқуға кетіп жатады. Орта және жоғары білімге қатысты мәселелер бар. Олар бүгін айтылды. Егер негізгі білім дұрыс берілмесе, орта және жоғары білім де ақсаңдайтыны белгілі. Сондықтан, бұл мәселе болашақта оңалады деп ойлаймын», - деді М.Шекенов.
Өз кезегінде ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Үмітхан Мұңалбаева цифрландыруға қатысты мәселелерді айтты.
«Бүгін әрбір қазақстандық үшін тарихи оқиға деп ойлаймын. Елбасы айтқан барлық бастамалар адами ресурсқа, қоғамға, азаматтардың әл-ауқатына бағытталған. Елбасы Жолдауында айтылған әрбір тармақ егемен Қазақстанның қарқынды дамуына бағытталған тарихи іргетас», - деді ол.
Сондай-ақ, кітапхана директоры цифрландыруға қатысты мәселеге тоқтады.
«Үкіметтің цифрлық форматқа көшу бойынша бірқатар өкімдері бар. Қазір кітапхана жаһандық мемлекеттік бағдарлама. Себебі, кітаптарды цифрландыру қолжетімді болып отыр. Цифрландыру арқылы біздің көптеген кітаптар шетел асып, әлемдік қауымдастықтың қолжетімділігіне ие болды», - деді Үмітхан Мұңалбаева.
Аягөз Құрмаш
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Азаматтық бастамаларды қолдау бағытында қолға алынған шаралар -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім