Біз берік экономикалық негіз қалаптастырдық - Н.Назарбаев

5 Қазан, 2018 11:20
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялауда.

Н.Назарбаев  еліміз бен Астанамыз халықаралық қауымдастық сенетін жерге айналғанын жеткізді.

«Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық, мәдени орталығы ретінде және өзіміздің болашағымыздың межесі ретінде қамтамасыз ету үшін жаңа елордамызды салдық. Ол бүкіл халқымыздың қуанышы мен мақтанышына айналды. Хвлық саны осы жылдардың ішінде 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артты», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы айтып өткендей,  Тәуелсіздік алған алғашқы жылда Қазақстанда халық саны 14 миллионнан аспайтын еді.

«Біз берік экономикалық негіз қалаптастырдық», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар