- Басты
- Жаңалықтар
- Күлімдеген әлем: Қазақстан кореялық көрменің еуропалық турнесіне енді
Күлімдеген әлем: Қазақстан кореялық көрменің еуропалық турнесіне енді
Ли Чольсудың бүкіл әлемге кеңінен танымал графикалық туындылары қазақстандық өнер сүйер қауымға алғаш рет ұсынылып отыр. Көрмеге өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап 2017 жыл аралығында салынған 60 графикалық сурет қойылған.

Ағаш нақышшысы Ли Чольсу солтүстік Чхунчхон провинциясында өмір сүрген 30 жылдың ішінде өнермен айналысып жүріп, егіншілік саласында еңбек етеді.

Суретші Ли Чольсудың көрмелері Базель (Швецария, 2016), Сахалин (2017), Сиэтл (2017) қалаларында өтті. Биыл Венгрия, Испания, Германия, Франция және Бельгия сынды елдерді қамтыған еуропалық турненің бір бөлігі ретінде Қазақстанға келді.

Суретші «Күлімдеген әлем» көрмесін Қазақстанға ұсынбас бұрын, елдің ауа райы ерекшелігіне дейін толық зерттеген.
«Мен көрмені дайындап отырып қазақстандық адамдардың жүздері мен ойын елестеттім. Мен сіздердің көктем, жаз, күз, және қыстарыңыз туралы, тау, орман, көлдеріңіз туралы, осы жерді сүйетін, жұмыс істейтін және мекендейтін адамдар туралы ойландым. Қазақстан тарихын да ойлай отырып, ұлттық тағам мен ән, би, күй мәдениеті жағын да қарастырдым. Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан Қазақстан маған өте қызықты», - дейді Ли Чольсу.
Қазақстандағы Оңтүстік Корея Елшісі Ким Дэ Сик көрменің күзде ашылуы ерекше мәнге ие екенін жеткізді.
« Суретші Ли Чольсудың ерекшелігі ол өнерге де, өмірге де философиялық көзқараспен қарайды. Үйлесім мен бейбітшілікті қолдайды. Әлемнің біртұтас болғанын бейнелейді. Адамзат пен табиғаттың гармонияда өмір сүргенін қалайтын ұлы тұлғалардың бірі. Өз суреттерінде ол адамның ішкі жан дүниесіне көңіл бөледі», - деді Ким Дэ Сик мырза.
Ал ҚР Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушысы Леонид Кочетов екі елдің қарым-қатынасының дамуын оң қырынан түсіну үшін екі елдің тарихын білу қажет деп есептейді.

«Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан бастау алатын мемлекеттер арасында ҚР МСМ қолдауымен «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруін» Корея Ұлттық музейінде көрсету жоспарланып отыр», - деді Л.Кочетов.
Л.Кочетов айтып өткендей, Қазақстан мен Кореяның ынтымақтастығы Ұлттық музей ашылған соң қарқынды дамып, мәдени шаралар жиі ұйымдастырлатын болды.
Ұлттық музейдің экскурсоводы Аягөз Назимбекованың айтуынша, суретші жұмысының негізгі тақырыбы табиғатпен үйлесу, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы.

«Аталмыш көрменің басты мақсаты өнер мен рухани дамудың үйлесім табуын көрсету. Сондай-ақ, суретші жолақтар техникасын да қолданады. Ол жолақ арқылы толық композиция құрастырады. Ли Чольсу буддизмге қызыққан соң, туындыларының барлығы философиялық мәнге ие. Суретке түсіндірмені де өзі жазады. Себебі, оның тағы бір қабілеті өлең шығару. Сурет пен оған жазылған мәтінді оқыған кезде адам ортақ «дүние» көре алады», - деді А.Назимбекова.
Көрмені ұйымдастырған Астанадағы Корея мәдени орталығы. Шара 25 қазанға дейін жалғасады.
Аягөз Құрмаш
Фото: Гүлжан Раманқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру