• Басты
  • Тұрмыстық қалдықтарды заманға сай қайта өңдеу қалай жүзеге асырылады
4 Қазан, 2018 11:08

Тұрмыстық қалдықтарды заманға сай қайта өңдеу қалай жүзеге асырылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың экология ластануын қысқарту мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы кәдеге жарату жөніндегі шараларды қабылдау туралы тапсырмасын орындау үшін Энергетика министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарту арқылы тұрмыстық қатты қалдықтарды заманауи кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша шаралар кешенінің жобасын әзірлеген болатын. Тұрмыстық қалдықтар заманауи талапқа сай қалай қайта өңделетіні жайлы келесі материалдан оқи аласыздар.
Тұрмыстық қалдықтарды  заманға сай қайта өңдеу қалай жүзеге асырылады | Strategy2050.kz

Қалдықтарды басқару саласындағы саясат Қазақстанның  «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамада айқындалған.

Мәселен, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 2030 жылға қарай – 40%-ға, 2050 жылға қарай – 50%-ға дейін жеткізу қарастырылғанын айтты.

Жыл сайын елімізде 5-6 млн тонна тұрмыстық қатты қалдықтар түзіледі. 2018 жылғы сегіз айында –шамамен 3,2 млн тонна, оның 330 мың тоннасы, немесе 10,5% қайта өңделді және кәдеге жаратылды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 9%, ал 2016 жылы – 2,6% құрады.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру үшін қалдықтарды бөлек жинауды ендіру, жеке инвестициялар тарту, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нормативтік құқықтық база құрылды және жетілдіріліп жатыр.

Жаңа тжырымдамаға  сәйкес,  қайта өңдеу бойынша жүргізілетін шаралар кешені келесідей болып отыр:

- аймақтарда ТҚҚ басқару саласындағы жалпы даму стратегиясын анықтайтын Қалдықтарды басқару бойынша бағдарламаны әзірлеуді;

-ТҚҚ жинау,шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму сияқты  барлық операцияларды есепке ала отырып қолданыстағы тарифтерді қайта қарауды;

- жоғары сапалы қайталама шикізатты алуға, қайталама шикізат нарығын дамытуға және полигонда орналастырылған қалдықтардың көлемін азайтуға, полигондардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін сұрыптау кешендерін орнатуды жеке жинауды енгізуді, сәйкесінше жаңа полигондар құрылысына бюджеттік шығындарды қысқартуды;

- ТҚҚ-ны басқару, оның ішінде биогаз немесе қордалау арқылы органикалық қалдықтарды қайта өңдеу үшін инфрақұрылымды дамыту;

- тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру және оларды ТҚҚ жеке жинау процесіне тарту мақсатында ТҚҚ бойынша жұртшылықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

- ынтымақтастық орнатуды және инвестициялар тартуды қарастырады.

Министрлік өңірлерде ТҚҚ кәдеге жаратудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын ендіру бойынша прогреске бағалау жүргізу әдістемесі  әзірленді және бекітілді.

Әдістеме әкімдіктердің қызметіне баға қою арқылы мониторинг жүргізуді көздейді, оның нәтижелері Президент Әкімшілігіне жіберіледі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу бойынша Кеңестің жыл сайынғы мәжілістерінде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарында қаралады.

«Экологиялық кодекске қалдықтармен жұмыс жасау бойынша түзетулер енгізілді, сондай-ақ, өндірушілер мен импортшылардың кеңейтілген міндеттемелері енгізілген. 2016 жылдан бастап полигондарда құрамында сынап бар шамдарды және құрылғыларды, металл сынықтарын, пайдаланылған майларды және сұйықтықтарды, батареяларды, электронды қалдықтарды көмуге тыйым салынды. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап пластмассаны, макулатураны, картонды және қағаз қалдықтарын, шыныны көмуге тыйым салатын норма күшіне енеді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – құрылыс және тамақ қалдықтарын көмуге тыйым салатын норма күшіне енеді», - дейді Қ.Бозымбаев.

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінгі күні елімізде қалдықтарды сұрыптайтын және қайта өңдейтін, өнімдердің 20-дан астам түрін шығаратын 130-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Әртүрлі қуаттылықпен осындай сұрыптау кешендері тағы 18 елді мекенде бар.

Биылдан  бастап Астана қаласының әкімдігі «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің Операторы» ЖШС-мен тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды, органикалық (азық-түлік) қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда, бұл тәжірибе өзге өңірлерге таратылады.

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері аясында пластик, полиэтилен, картон, қағаз, шыны, металл секілді қалдықтарды жинау және қайта өңдеуді қаржыландыру жүргізіледі.

«Биыл Министрлік ӨКМ Операторына 3,2 млрд тг мақұлдады, оның 30-40% – тиісті инфрақұрылымды дамытуға: контейнерлер, қайталама шикізатты қабылдау пункттерін, қоқыс шығару машиналарын сатып алу және орнату, қалған 60-70% – қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеуге бағытталды. Аталған қаржылық мүмкіндікті барлық өңірлер пайдаланып жатқан жоқ. Сондықтан, әкімдіктер ӨКМ Операторымен өзара әрекетті күшейтуі қажет», — деді Қ. Бозымбаев.

Министр тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнерлер мен қайталама шикізатты қабылдау пункттерін орнату барысында жер учаскелерін рәсімдеу бойынша проблемаларды шешуде әкімдіктер бизнеске көмек көрсету керектігін айтты.

Бүгінде бөлек жинау 41 қалаға енгізілді, іске асыру және қайта өңдеу үшін сапалы қайталама шикізат ала отырып, ТҚҚ-ды сұрыптау 19 қалада және ірі елді-мекендерде жүзеге асырылуда. Қалдықтарды сұрыптайтын және қайта өңдейтін, өнімнің 20-дан астам түрін шығаратын 130 астам кәсіпорын жұмыс істейді. Кәсіпорындардың саны күн санап артып келеді.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Б. Сағынтаев Энергетика министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және өңдеу технологияларын қолдану жұмысын күшейтуді, сонымен қатар халыққа түсіндіру жұмыстарын да ұйымдастыруды тапсырды.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне аталған мәселеде Энергетика министрлігіне көмек көрсету тапсырылды.  

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды