• Басты
  • Жаңалықтар
  • Журналист В. Мазур: Жеткен жетістігіміз таңдаған бағытымыздың дұрыстығын дәлелдейді

Журналист В. Мазур: Жеткен жетістігіміз таңдаған бағытымыздың дұрыстығын дәлелдейді

20 Қаңтар, 2014 13:13
Жиырма жылдан бері Қазақстан халқы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен дамудың өзіндік сара жолын салып келеді. Бұл бағыттың дұрыстығы жыл сайын жеткен жетістігімізбен дәлелденуде, деген пікірімен бөлісті Жамбыл облысындағы «Знамя Труда» газетінің журналисі Василий Мазур.

 «Маған, журналист және Жамбыл облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде ел арасын көп аралауға тура келеді. Қай жерде болмасын кіммен кездессем де, жасы мен әлеуметтік жағдайына, нәсілі мен діни көзқарасына қарамастан, халық бір ауыздан: «Мемлекет басшысы алға қойған жоспар бойынша жүріп келеді. Ал, Қазақстан осының арқасында посткеңестік және еуразиялық кеңістіктегі ең қауіпсіз, жайлы және тұрақты дамып келе жатқан мемлекеттер қатарына кіруде» деп жылы лебіздерін білдіреді», - дейді В.Мазур.

Сондай-ақ, ол жаңа жоспарға толы бағдарламалық құжатта халық өзіне қажеттінің барлығын тауып ала алады деп ерекше атап өтті.

«Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы жоспарды жүзеге асыру үшін адал еңбек ету керек. Президент ешкімге 21 ғасыр жеңіл болады деп уәде беріп отырған жоқ. Бұл ретте халық та төбеден алтын жауар деп емес, керісінше, Ұлт көшбасшысының Жолдауында көрсеткен негізгі 10 басты міндетін қолдауға ниет танытуда. Себебі, тек сонда ғана еліміз «Қазақстан 2050» стратегиясында белгіленген мақсатына жете алады», - деп журналист ағынан жарылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар