• Басты
  • «Денсаулық» бағдарламасын өзектендірудің медицинаға әсері қандай болмақ
3 Қазан, 2018 11:03

«Денсаулық» бағдарламасын өзектендірудің медицинаға әсері қандай болмақ

Медицина саласы елдегі ең басты секторлардың бірі. Себебі, оның жұмыс істеу сапасына мемлекеттің ең басты құндылығы адамның денсаулығы тәуелді болып отыр. Осы орайда 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының өзектендірілген жобасы Үкіметте қабылданды. Бағдарламаның қандай ерекшелігі бар екенін келесі материалдан оқи аласыздар.
«Денсаулық» бағдарламасын өзектендірудің   медицинаға әсері қандай болмақ

Министрлік ресми өтінімдер мен БАҚ беттеріндегі, әлеуметтік желілерде көтерілген бар мәселелерді ескеріп, талдау жасаған.

Сондай–ақ, денсаулық сақтау саласының түйіткілді мәселелері Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралған болатын. Үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары да ескерілді.

 «Қоғам көтеріп отырған денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын толықтыру үшін ұсынылған өзгерту жобасында көрініс тапты. Бұл өзгертулерді біз бүгін қарап, жүзеге асыруға мақұлдануын сұрап отырмыз», — деді министр.

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын орындау бойынша  бағдарлама аясында 7 бағыт бойынша жұмыс атқарылған.

Бірінші бағыт

Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту шеңберінде Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы құрылды.

Салауатты өмір салтын алға жылжыту шеңберінде бұқаралық іс-шаралар белсенді жүргізілуде, ағымдағы жылдың 6 айында оларға 6 млн. астам адам қатысты.

Ұлттық скринингтік бағдарламаны жүзеге асыру жалғасуда. Ағымдағы жылы скринингке қамтылғандар саны 1,5 млн. астам адамды құрады немесе жоспарланған көлемнен - 91%;

Халықты иммундау 95%-ға жетті.

Инфекциялық сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықты тұрақтандыру бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың 2018-2020 жылдарға  арналған Кешенді  жоспары бекітілді.

Екінші бағыт

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жаңғырту және басым дамыту негізінде амбулаториялық-емханалық қызметтің, жедел кезек күттірмейтін медициналық жәрдемнің және мамандандырылған медициналық көмектің сабақтастығын жетілдіру көзделген.

Амбулаториялық-емханалық желіні шағындап қайта ұйымдастыру жүргізілуде.

5 басым бағыт бойынша ҚР ДСМ-нің Үйлестіру кеңестері жұмыс істейді. ӨСОА және гепатит жағдайында медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделі енгізілуде.

Бейінді қызметтерді жетілдіру бойынша 20 жол картасы жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері жедел медициналық көмек көрсетудің жаңа стандарттары енгізілді.

Созылмалы аурулары бар пациенттерді белсенді емдеуге негізделген ауруларды басқару бағдарламасын енгізу жөнінде жобаны жүзеге асыру жалғасуда.

Үшінші бағыт

Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыс шеңберінде медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріктірілген комиссия жұмыс істейді.

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру шеңберінде СБК-ны өзін-өзі реттейтін ұйымға көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде, ол кәсіби қоғамдастықтың мемлекетпен пәтуаласа отырып шешім қабылдауына мүмкіндік береді. СБК-да ҮЕҰ өкілдерінің саны – 43%-ды құрайды.

Төртінші бағыт

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ұлттық саясатын жүзеге асыру жалғасуда.

Дәрілік қамтамасыз ету процестерінің тиімділігі мен ашықтығы мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап амбулаториялық дәрі-дәрмектерді сатып алуды орталықтандыру жүргізілді.

2018 жылы негізгі ауруларды  емдеу үшін 3,5 млн.адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін болады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 15,7%-ға жоғары.1 677 позицияны жеткізуге өндірушілермен 54 ұзақ мерзімді шарт жасалды.

«Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленді.Тиісті GXP фармацевтикалық практикаларды енгізу жөніндегі жол картасы әзірленді. Фармацевтикалық нарық субъектілерін Тиісті фармацевтикалық практикаларға (GXP) және халықаралық стандарттарға оқыту тұрақты негізде жүргізілуде», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Бесінші бағыт

Ынтымақтылықты енгізу және оның қаржылық тұрақтылығын арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық шеңберінде ТМККК және МӘМС-тің жаңа моделі қарастырылатын заң жобасы әзірленді.

«Биылғы жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметтерінің операторы болып танылды. Сатып алу көлемі  - 684 млрд.теңгені құрады.Медициналық қызметтер нарығында  жеке қызмет берушілерді дамытуды қолдау шаралары соңғылардың ағымдағы жылы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетудегі үлесінің 43%-ға дейін өсуіне мүмкіндік берді»,-деді министр.

Алтыншы бағыт

Денсаулық сақтау саласында адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру.

Министр атап өткендей,  салада медициналық жоғары оқу орындарының түлектері санының ұлғаюы есебінен кадрлар тапшылығының төмендеуі байқалады.

«Бірқатар өңірлерде бірнеше сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар тапшылығының көрсеткіштері республикалық деңгейден жоғары.Жетекші шетел университеттерімен стратегиялық серіктестіктің екінші кезеңі шеңберінде.Елде және шетелде медЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамын оқыту жүргізілуде.Студенттердің білімін аралық тәуелсіз бағалау енгізілді. Студенттерді курстан курсқа көшіру балы 2.2-ден 3-ке дейін арттырылды;2019 жылдан бастап медЖОО-ға іріктеу үшін заңнамалы түрде қосымша емтихан енгізілді.Инновация және медициналық ғылымды дамыту шеңберінде зерттеу ұйымдарының (ҒЗИ) және ұлттық орталықтардың ғылыми әлеуеті арттырылуда», - деді Е. Біртанов.

Министр атап өткендей,  бірінші басшылардың қызметін бағалауға ғылымға шығындар үлесін ұлғайту, шетел гранттарын тарту, ағылшын тіліне оқыту көрсеткіштері енгізілетін болады.

«Медициналық білімді жаңғырту Көкшетау, Петропавловск және Алматы қалаларындағы  медициналық емес 3 (үш) ЖОО-ы медициналық білім беру қызметіне лицензия алды.Орта медициналық персоналды дайындаудың финдік үлгісі шеңберінде 311 түлек салада жұмыс істеуге кірісті», - деді Е.Біртанов.

Жетінші бағыт

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен заманауи ақпарттық-коммуникациялық технологиялар негізінде мақсатында  министрлікпен денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі әзірленіп, бекітілді және өңірлердің 2025 жылға дейінгі кезеңдегі перспективалық жоспарлары әзірленді.

«МӘМС-ті енгізу аясында денсаулық сақтауды ақпараттандыру бойынша шаралар қабылдау үшін келесі негізгі бағыттар айқындалды: платформа мен интероперабельділікті енгізу және электрондық денсаулық паспортын құру, денсаулық сақтау ұйымдарының компьютерлік техникамен жарақталуын арттыру.Денсаулық сақтауды цифрлық жаңғырту мақсатында компьютерлермен жарақтау 88%-ға жуық көрсеткішті құрады. Медициналық ұйымдардың Интернетке қолжетімділігі 10%-ға өсіп, 66%-ға жетті. Саланы ақпараттық жүйелермен қамту 94%  құрады», - деді Е.Біртанов.  

8 өңірде медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізудің пилоттық жобасы іске қосылды.

Биылғы жылы қалған өңірлер құжаттаманы электрондық форматта жүргізуге кезең-кезеңмен көшірілетін болады.

Өз кезегінде  Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдерінің бағдарламаның бекітілген көрсеткіштерін уақытылы орындауына назар аудартты.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдердің ұсыныстарын қарастырып, мемлекеттік бағдарлама аясындағы жұмыстарды одан әрі белсендіру үшін қосымша тетіктерді пысықтау тапсырылды.

Сонымен қатар министрлікке дәрі-дәрмектермен, медициналық бұйымдармен, кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыстарды жүйелеу, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жай-күйі мен заманауи медициналық жабдықтармен жарақтау мәселелерін шешу тапсырылды.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, медициналық техникамен жабдықтау бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін белсене пайдалану қажет.

Айта кетейік,  Қазақстанның денсаулық сақтау саласын  дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан назарбаевтың Жарлығымен 2016 жылғы 15 қаңтарда қабылданған болатын.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды