- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен Н. Пашинян елдер арасындағы ынтымақтастықты талқылады
Н.Назарбаев пен Н. Пашинян елдер арасындағы ынтымақтастықты талқылады
Кездесуде тараптар екі жақты ықпалдастық және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде ілгерілеп келе жатқанына тоқталып, оны кеңейтудің әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті.
«Қазақстан Армениямен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болды. Елдеріміз арасындағы сауда айналымы былтыр 60 пайызға жуық өсті. Бұл үрдіс қазір де жалғасын тауып отыр. Мұнымен шектелмейтінімізді атап өткім келеді. Үкіметтеріміз екі жақты байланыстарды нығайту үшін күш жұмылдыруы керек. Біздің компанияларымыз екі елдің де экономикасына инвестиция құя алады», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы еңбек миграциясы мәселелеріне және екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды кеңейту қажеттігіне тоқталып, ол үшін тиімді жағдай жасалғанын атап өтті.
Н.Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге және мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайту ісіндегі маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылық білдірді.
«Өзара ықпалдастығымыз оң қарқын алып отырғанымен ерекшеленеді. Оның одан әрі осылай ілгерілей беретініне сенімдімін. Біз үшін Қазақстанмен арадағы байланыс өте маңызды. Экономика секторындағы қатынастарды, соның ішінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыта түсеміз деп үміттенеміз», – деді Армения Премьер-Министрі.
Сонымен қатар, Н.Пашинян Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты халықаралық ұйымдар аясында нығайтудың маңызды екенін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады