Біз қойылған мәселелердің салмағын түсінеміз – Н. Ноғаев

20 Қаңтар, 2014 12:50
Жолдаудың әр жолы кеудеңді туған Отаның үшін мақтаныш сезіміне толтырады. Тәуелсіздіктің жиырма екі жылының ішінде қол жеткен табыстар ел мерейін өсіріп тастады. Біз қойылған мәселелердің салмағын түсінеміз,бізді алда жауапты жұмыстар күтіп тұр, деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

«Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол-2050 - бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын ерекше тебіреніп тыңдап отырдым.«Қазақстандықтар өз елі болашағының тұтқасын мығым ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдады. Жиырма бірінші ғасырда стратегиялық жоспарлау нөмірі бірінші ереже болып табылады, деді Мемлекет басшысы», - деді әкім.

Жолдауда айтылған ойлардың кемелдігі мен кенен тереңдігі, 2014 жылға және 2050 жылдарға дейін белгіленген іргелі міндеттер, кешегі атқарылған істің жасампаз шежіресі, бүгін мен ертеңге арналған тиянақты жоспары өзінің тұтастығымен, сабақтастығымен, кең ауқымды болуымен және шешімі көрсетілген даңғыл жолымен таң қалдырады, деді ол.

Ол сондай-ақ, Президент  ұсынған «Мәңгілік ел» идеясы ел көңілінен шығады. Бұл баршамызды жарқын болашаққа бастайтын Темірқазық іспетті. Ең басты мақсат - әлемнің ең дамыған бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің арасынан орын алу. Ол - мәңгілік Қазақстан жобасы. Ел тарихына нық қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып табылатынын айтты.

«Ұлт көшбасшысы атап көрсеткендей, «Нарықтық жағдайда ешкім де нәпақасын аспаннан іздемеуі керек, одан да гөрі жұмыс жасаған тиімді. Мемлекеттің міндеті - осыған барлық жағдай тудыру».

«Жолдауда жұмыстың негізгі бағыттары, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары кезең-кезеңге бөлініп, нақты көрсетілген.Бір жылға ғана арналмаған ертеңгі асқаралы міндеттер де ерекше аталынып өтті. Қойылған мәселелердің салмағын түсінеміз, бізді алда жауапты жұмыстар күтіп тұр», - деді аймақ басшысы.

 

Барлық жаңалықтар