- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин: Білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау нарық талаптарына сай емес
Н. Нығматулин: Білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау нарық талаптарына сай емес
Мәжіліс Спикері атап өткендей, жұмыс - азаматтарды әлеуметтік қорғаудың, өмір сүру сапасын жақсартудың және мемлекетімізді одан әрі дамытудың басты кепілі. Бұл – қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың да негізгі шарты.
Сондықтан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап, осы мәселеге ерекше көңіл бөліп, барлық жағдайды жасап келе жатыр.
Бұл бағытта 2011-ші және 2016-шы жылдарда елімізде «Жұмыспен қамту жол картасы» жүзеге асырылды. Нәтижесінде 5 жылда 800 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты.
Ал, былтырдан бері елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы басталды.
Осы саладағы маңызды сұрақтың бірі ретінде Мәжіліс Төрағасы Төртінші өнеркәсіптік революция нәтижесінде жұмыс орындарының босатылуын атап өтті. Мәселен, автоматтандыру және цифрландыру кезінде әлемде кейбір кәсіптердің 30 пайызға жуығы қысқаруы мүмкін деген болжам бар. Осы жолда Н. Нығматулин еңбек ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру өте маңызды екеніне тоқталды.
«Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі күні жұмысқа деген сұраныс өте жоғары.Сол үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің әрбір тапсырмасында жаңа кәсіпорындарды ашып, жұмыс орындарын көбейту туралы нақты міндеттер қойып отыр.Оларды, сапалы заңдармен қамтамасыз ету, біздің Парламенттің негізгі мақсаты,-деді Н.Нығматулин.
Палата Спикерінің пкірінше, бүгінгі күні білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау нарық талаптарына сай болмай отыр.Оның бір себебі, кадрларға деген сұранысқа байланысты терең талдау жасалмайды.
«Одан әрі білім беру бағдарламалары да қазіргі талапты толықтай орындамай отырғанын, сол себептен, студент жастарға оқуын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс табу қиын. Осы мәселені шешу үшін кадрларға деген қажеттілік мониторингінің тиімді жүйесін құру қажеттігіне тоқталды», - деді Н.Нығматулин.
Айта кететін мәлімет, бүгінгі күні біздің елімізде 7 миллионға жуық жұмыскердің жоғары және орта кәсіптік білімі бар. Ол барлық жұмыспен қамтылған азаматтардың 79 пайызын құрайды. Бұл еліміздегі еңбек ресурстарының сапасы жоғары екенінің дәлелі.
Аягөз Құрмаш
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады