- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы биылғы 28 қыркүйекте өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына келді.
Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.
Кездесуде тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі мәселелерін және экономиканың түрлі секторларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.
«Елдеріміз арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнады. Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік. Бүгінде осы ынтымақтастығымызды тереңдетіп, өзара сауда-саттықты ілгерілетуді көздеп отырмыз», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және интеграциялық үдерістерді кеңейту үшін шаралар қабылдаудың маңызды екеніне назар аударды.
Тәжікстан Президенті екі ел арасында қалыптасқан қатынастардың стратегиялық сипаты туралы айтты.
« Қазақстан – Тәжікстанның негізгі стратегиялық және экономикалық әріптестерінің бірі. Біздің сауда-экономикалық қатынастарымыз кеңейіп келеді», – деді Э.Рахмон.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы беделін ерекше атап өтіп, экономикалық және саяси тұрғыдан қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылық білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция

