• Басты
  • Елбасы ДСҰ –ның бас директорымен кездесті
27 Қыркүйек, 2018 13:36

Елбасы ДСҰ –ның бас директорымен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберту Азеведумен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы ДСҰ –ның бас директорымен кездесті | Strategy2050.kz

Кездесуде тараптар әлемдегі қалыптасқан жағдайға байланысты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты пікір алмасты, сондай-ақ 2020 жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының ХІІ Министрлер конференциясына дайындық барысын талқылады.   

«Сізбен Астанада қайта жүздескеніме қуаныштымын. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болар кезде елімізге үлкен қолдау білдіргеніңізді білеміз. Бүгінде біздің ел ұйымның белсенді мүшесі саналады. 2020 жылы Астанада конференция өткізу жөнінде шешім қабылданды. Біз осы шараны тиісті деңгейде өткізу үшін күш жұмылдырамыз», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуды және кеңейтуді көздейтін басты қағидаттарын Қазақстанның толық қолдайтынын атап өтті.

Роберту Азеведу Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлық танытқаны және Қазақстан мен Дүниежүзілік сауда ұйымының алдағы ынтымақтастығына арналған мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

«Женевадағы соңғы кездесуімізден кейін Қазақстан мен Дүниежүзілік сауда ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың тереңдегенін нық сенніммен айта аламыз. Сіздің еліңіз көп жақты сауда жүйесін дамыту қағидаттарын әрдайым берік ұстанып келеді. Біз Қазақстанның 2020 жылы Министрлер конференциясын өткізуге келісім бергеніне қуаныштымыз. Бұл бүгінгі әлемде болып жатқан оқиғаларға орай ерекше маңызға ие болып отыр», – деді Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры.

Сондай-ақ, Р.Азеведу  жетекші державалар арасындағы сауда-экономикалық шиеленістің басқа елдерге тигізетін салдарына тоқталды. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды