- Басты
- Болашақтың мамандығы: Жастарға кеңес
Болашақтың мамандығы: Жастарға кеңес

Жаһандану кезеңінде тұрақты ештеңе жоқ. Күн сайын жаңа технология ойлап табылып жатқан заманда кейбір мамандықтар ескіріп бара жатыр. Танымал экономист Рахым Ошақбаев қазіргі жаһандық технолгиялар заманында еңбек өнімділігі қарқынды өсіп келе жатқанын айтты.
«Қазір азық-түлік өндіруге бұрындары сияқты көп адам қажет емес. Оның айырмашылығы жаһандық еңбек бөлінісіндегі өзгерістер болатынын көрсетеді. Демографиялық трендтерді ескере отырсақ, әлем бойынша адамдарды мазалайтын алғашқы сұрақтардың бірі – жұмыс. Оларға өмір сүру үшін қайда және кім болып жұмыс істейтіндері маңызды», - деді Р.Ошақбаев.
Оның айтуынша, тұрақты жұмыс орындары артпайды, олар қысқарған жағдайда жұмыстың жаңа түрі пайда болады.
«Осы технологиялық өзгерістер жұмыспен қамту құрылымын өзгеріске ұшыратады. Бүкіл әлемде қызмет көрсету саласындағы жұмыс артып, өндірістегі жұмыс азаюда. Ауыл шаруашылығындағы жұмыс түрі құлдырап барады», - деді Р.Ошақбаев.
Сондай-ақ, Р.Ошақбаев атап өткендей, бұл маңызды ақпараттық жаһандану болып саналады.
«Мен мұны көлденең әлем деп атар едім. Ақпарат көзі бірден пайда болады. Бір уақытта әлемнің барлық адамдарына қолжетімді. Бұл кез келген ақпараттық технологиялардың лезде дамуына, адамдардың қарым-қатынасына үлкен әсер етеді. Көптеген салаларда ақпараттық жаһандану болып жатқанын сеземіз», - деді Р.Ошақбаев.
Сонымен қатар, Р.Ошақбаев белгісіз болашақ жағдайында жастарға не істеу қажеттігі бойынша кеңес те берді.
«Қандай мамандық қалып, қандайы жойылып кететіні туралы көптеген пікірталастар жүргізіледі. Мен бұл тақырыпты бүге-шүгесіне дейін зерттеп жатырмын. Өзім үшін бірнеше шешім де қабылдадым. Болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын ешкім білмейді. Ешкім сеніммен айта алмайды», - деді Р.Ошақбаев.
Осыдан сайып келе экономист кез келген адам барынша бейімделгіш болу қажеттігін айтты.
«Сіздер нетворкингке қосылуларыңыз керек. Негізгі трендттерден қалмай, болашақта өзгерістер болып қалатын жағдайда оларға бейімделе алатындай күйде болу қажет», - деді Р.Ошақбаев.
Сондай-ақ, ол әлемде білімнің артықшылығы проблемасы бар екенін айтты.
«Бұрын білім тапшы болса, қазір оның артықшылығы сезіледі. Бұрын ол үшін ақша төлеп, университеттерге баратын болса, қазір барлығы қолжетімді», - деп түйіндеді Р.Ошақбаев.
Өз кезегінде «НұрМедиа» холдингінің және «Astana TV» телеарнасының бас директоры Ләззат танысбай жастарға дәстүрлі журналистиканы үйренбей, телеарнаға тәжірибеге келуді ұсынды.
«Қазақстанда адамдардың 54 пайызы күнде теледидар қосады. Ал халықтың 90 пайызы айына бір рет болсын көк жәшікті көреді екен. Телевизияның өлгені туралы қауесет асыра сілтегендік. Бұл туралы сеніммен айтып тұрған себебім, биыл телеарнадағы жарнама табысы 12 пайызды құрады. Кез келген телеарнаны дамыту, техника алу барлығы жарнамалық табысқа қатысты. Жарнамалық табыс болса, телевизия да өмір сүреді деген сөз. Мен қазір жеке меншік телеарналарды айтып отырмын. Елде жарнаманың 64 пайызы телеарнаға барады», - деді Л.Танысбай.
Л.Танысбайдың айтуынша, телевизияның орнын интернет баса алмайды, ол әлі ұзақ жылдар бойы өмір сүреді.
Аягөз Құрмаш
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім
-
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
Кәсіптер атласы: Болашақтың мамандықтары қандай
-
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады
-
Дәрігерлер кеңесі: КВИ-ді асқындырып алмаудың жолдары
-
Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос лауазымдарына конкурс жариялады
-
Тоқаев: Ұлттық сенім кеңесі бір жылда маңыздылығын көрсете алды
-
Электронды кітапхана, концерттік қызмет, көркемдік кеңес қызметіне қандай өзгерістер енгізілді
-
Еліміздің тәуелсіздігіне жол салған «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл
-
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды
-
"Тамыз" кеңесі: мұғалімдердің жалақысы, қомақты сыйақысы және баспана мәселесі талқыланды
-
Тоқаев: Пандемия кезінде жемқорлықпен күресті одан әрі күшейтуіміз керек

