- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Афина туризм саласында ынтымақтасты
Астана мен Афина туризм саласында ынтымақтасты
Аталған әлеуетті пайдаланудың жолдары туралы Афинада өткен Қазақстан-Грекия экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 4-ші отырысы аясында мүдделі сұхбат болды.
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, комиссияның тең-төрағалары – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Грекия Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Георгиос Катругалос - бірлесе атқаратын жұмыстың бағыттарын айқындап, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту тақырыптарына жан-жақты тоқталды.
Сондай-ақ Грекияның Қазақстанның мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі талқыланып, грекиялық қаржы институттардың «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен тығыз ынтымақтастығы жөніндегі перспективалары қарастырылды.
Соңғы екі жылда, яғни 2015-16 жылдары белгілі бір құлдыраудан кейін, екіжақты саудада оң үдеріс байқалады. 2017 жылы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға, яғни 980,6 млн. долларға (оның ішінде қазақстандық экспорт – 964 млн. долл.) ұлғайса, ал 2018 жылғы қаңтар-шілде айларында, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 20 пайызға өсті (сауда көлемі – 750 млн. долл., ҚР-дан экспорт – 737,6 млн. долл.).
Сондай-ақ, жуырда Қазақстанда күн электр станцияларына арналған фотоэлектрикалық кешендерді дайындау, теңіз кен орындарын өңдеу бойынша инжиниринг және кірпіш шығару сияқты салаларда бірқатар жаңа бірлескен қазақ-грек өндірістері іске қосылды.
Афинада өткен келіссөздерде екіжақты шарттар базасының бүгінгі күйі мен оны барынша кеңейту мәселесіне маңызды көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, өткен іс-шарада Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одағындағы мүшелігін ескере отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ тараптардың «Белдеу мен жол» бастамасын жүзеге асыру тұрғысынан өзара іс-қимылды іске асыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Комиссия отырысына Қазақстанның мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму министрліктерінің лауазымды тұлғалары қатысты.
Отырыстың қорытындысы бойынша тараптардың қол жетізген негізгі уағдаластықтары бекітілген, оның ішінде жақын арада Қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою мәселесі де енгізілген Үкіметаралық комиссияның хаттамасына қол қойылды.
Грекияның туризм саласындағы мол тәжірибесі мен Қазақстанда туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаның, сонымен қатар туристік қызметті дамыту туралы жаңа заңның әзірлену үстінде екенін назарға ала отырып, екі елдің құзыретті министрліктері арасында қол қойылған Туризм саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум аталған іс-шараның тағы бір практикалық нәтижесіне айналды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі мемлекеттің ресми тұлғалары Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастарда толық өзара түсінушіліктің бар екенін айрықша атап өтіп, ортақ ынтымақтастықты барынша арттыру мен кеңейтуге өзара қызығушылықтың барын растады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады