- Басты
- Жаңалықтар
- Өңірлерді дамытуды өзектендіру: 12 нәтижелі көрсеткіш орындалады
Өңірлерді дамытуды өзектендіру: 12 нәтижелі көрсеткіш орындалады
Бағдарламаны іске асыру барысы туралы сөз алған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бағдарлама шеңберінде 4 нысаналы индикаторға,12 нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және 100 іс-шараны орындау көзделгенін айтты. Бағдарламаның барлық нысаналы индикаторлары орындалып жатқан көрінеді.
«Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 4 агломерация халқының жалпы саны 2015 жылмен салыстарғанда 460,1 мың адамға өсті және 6,2 млн. адам болжамында 6,6 млн. адамды құрады. Агломерациялар халқы санының басым түрде өсімі ағымдағы жылда да байқалады», - деді Т.Сүлейменов.
Министр айтып өткендей, жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша да жоспарлы көрсеткіштер орындалуда, олар бөлінген қаражат көлеміне байланысты жыл сайын түзетілуде. Мәселен, былтыр 8,5 мың теңге жоспары орындалды.
«Әкімдіктердің мәліметі бойынша жылу-, электр- және газбен жабдықтау желілерінің жаңғыртылған үлесі 2015 жылы республика бойынша орташа 4,0%, 2016 жылы – 2,1%, 2017 жылы – 2,8% құрады. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың орталықтандырылған желілеріне қолжетімділік. Былтырғы жылы қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 90% жоспарында 93,8%-ды құрады, ол 2015 жылғы (87%) мәннен 6,8%-ға жоғары», - деді Т.Сүлейменов.
Т.Сүлейменов айтып өткендей, ауылдарда сумен жабдықтау 55% жоспарында 57,4% орындалды, ол 2015 жылғы мәннен 3,5%-ға жоғары. Бұл ретте ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік Бағдарламада ауылдық елді мекендердің саны бойынша ескерілген.
«Қалаларда орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік 88%-ды құрайды, ол 2015 жылғы мәннен (82%) 6%-ға жоғары. Ауылдарда 11,5%, ол 2015 жылғы көрсеткіштен (11%) 0,5%-ға жоғары. Бағдарламада төрт міндет бекітілген», - деді Ұлттық экономика министрі.
Министр осы міндеттерді шешу үшін бағдарламаның 12 мақсатын орындау көзделіп отырғанын айтты.

«Өткен жылы жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесі бекітілді, оған сәйкес барлық үкіметтік бағдарламаларды мемлекеттік бағдарламалар мәртебесінде бекіту қажет. Осыған байланысты қолданыстағы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі үкіметтік бағдарламасының міндеттерін, нысаналы индикаторларын, нәтижелер көрсеткіштерін және іс-шараларын өзектендірумен Мемлекеттік бағдарлама мәртебесінде бекіту бойынша жұмыс жүргізілді», - деді Т.Сүлейменов.
Министр атап өткендей, биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген Жолдауда Мемлекет басшысы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін барлық қаражат көздерінен жыл сайын кемінде 100 миллиард теңге бөлуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тапсырма берді.
«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының ережелерінен шыға отырып, Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты басқарылатын кенттену және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып анықталған», - деді министр.
Т.Сүлейменов атап өткендей, өзектендірілген Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бағыттар бөлігінде мынадай міндеттерді шешу ұсынылады.
«Функционалдық қалалық аудандарды дамыту. Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады: «Бірінші деңгейдегі» қалаларда орталықтары бар функционалдық қалалық аудандарды дамыту», - деді ол.
Министр атап өткендей, «екінші деңгейдегі» қалаларда орталықтары бар функционалдық қалалық аудандарды дамыту (облыс орталықтары, Семей қаласы).
«Функционалдық қалалық аудандардың құрамына кірмейтін аумақтарды дамыту. Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:Функционалдық қалалық аудандар құрамына кірмейтін моно және шағын қалаларды дамыту;функционалдық қалалық аудандар құрамына кірмейтін ауылдық елді мекендерді (шекара маңындағы аумақтарды қоса алғанда) дамыту», - деді Т.Сүлейменов.
Сонымен қатар, министр атап өткендей, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын дамыту да қарастырылып отыр.Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту қарастырылып отыр.
«Бағдарламаны өзектендіруді жүргізу шеңберінде бұрынғылардың орнына мынадай нысаналы индикаторлар енгізілді: «Облыстар бөлінісінде кенттену деңгейі», «Өңірлер арасында жан басына шаққандағы ЖӨӨ дамыту бойынша айырмашылық», «Халықтың мемлекеттік және әлеуметтік қызмет көрсетулер сапасымен қанағаттануы»», - деді Т.Сүлейменов.
Сондай-ақ «Қалаларда және ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету» және «Желілердің жалпы ұзындығына жаңғыртылған/салынған желілер үлесінің өсуі (жылумен, сумен жабдықтау және су бұру)» жаңа көрсеткіштер көзделген.
«Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қалаларда және ауылдарда халықты орталықтандырылған сумен жабдықтаумен одан әрі қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Халықты сумен қамтамасыз етудің ұтымды және тиімді жолдарына өтумен сумен жабдықтау жүйелерін дамытудың тетігі күшейтілді», - деді Т.Сүлейменов.
Министр Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша қолданыстағы Өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғастырылатынын айтты.

Өз кезегінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев қазір Үкімет қолданыстағы бағдарламаны мемлкеттік бағдарлама етіп өзгерткенін айтты. Ол бағдарлама барлық талаптарға сәйкес жандандырылғанын жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш бағдарламадағы тәсілдері қолдау тұрарлық екенін жеткізіп, жүзеге асырылуын бақылаған соң, Үкіметте оған дауыс берілетінін мәлімдеді.
Аягөз Құрмаш
-
Өңірді дамытудың өзектілігі -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады -
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша -
Мұнай өндірудің қысқаруы, жылдық инфляцияның баяулауы және әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштері -
Дәрігер: Қатерлі ісік неғұрлым алғашқы сатыда анықталса, емдеу нәтижелі болмақ
-
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай