«Мәңгілік ел» идеясы ортақ мақсатқа айналуы тиіс – Қ. Көшербаев

20 Қаңтар, 2014 12:30
Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс, деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

«Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Елулікті еңсердік, енді дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуді мұрат етіп отырмыз. Осы «Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту -ортақ  парыз, абыройлы міндет» деп, Елбасымыз ашып айтты. Ендеше осы ортақ мақсатқа жұмылып, аянбай атсалысуға Сыр бойы халқы дайын», - деді әкім.

Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің, қазақ тілінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек, деді ол.

«Сөзімнің соңында айтарым- Елбасының ресми мәжілісте халыққа Жолдауын «сүйікті халқым»  деген жүрекжарды тілегімен аяқтауы болашаққа деген үмітімізді бекітіп, сенімімізді арттырады», - деді аймақ басшысы.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар