- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазатомөнеркәсіп» әлемдік атом өнеркәсібі саласында маңызды орын алады – Н.Назарбаев
«Қазатомөнеркәсіп» әлемдік атом өнеркәсібі саласында маңызды орын алады – Н.Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ірі ұлттық компаниялардың бірі саналатын «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы әлемдік атом өнеркәсібі саласында маңызды орын алатынын атап өтті.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан Президентіне компания жұмысының негізгі қорытындылары мен перспективалары жөнінде баяндады.
«Біз әлемдік атом саласындағы жағдайды мұқият саралап, дамудың жаңа стратегиясын қабылдадық. 2017 жылы және биылғы 8 айда компания өндірістік және қаржылық жоспарларының бәрін орындады. Осы жылы төленетін дивиденттер былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе артады деп болжап отырмыз», – деді Ғ.Пірматов.
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басшысының мәліметіне сәйкес биыл уран сату көлемі соңғы үш жылдағы орташа көрсеткіштен жоғары болмақ. Нәтижесінде компания әлемдік нарықта өндіріс ауқымы жағынан ғана емес, сондай-ақ сату көлемі жөнінен де ірі кәсіпорынға айналады.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді