• Басты
  • Машина жасау саласы ішкі қажеттілікті 25 пайызға қамтамасыз етіп отыр
20 Қыркүйек, 2018 10:00

Машина жасау саласы ішкі қажеттілікті 25 пайызға қамтамасыз етіп отыр

Бүгінде машина жасау саласының өнімдері елдің құрал-жабдықтарын 25 пайызға қамтамасыз етеді. Ал, 75 пайыз көрші елден келетін импорт болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Машина жасаушылар одағының басшысы Мейрам Пішембаев атап өтті.
Машина жасау саласы   ішкі қажеттілікті  25 пайызға қамтамасыз етіп отыр | Strategy2050.kz

ИДМ бірінші вице-министрі Роман Склярдың айтуынша  машина жасау деңгейі өнеркәсіптің даму деңгейін көрсететінін жеткізді. 

«Аталмыш  сала  елдің индустриалды-инвестициялық  мемлекеттік бағдарламасы бойынша басымдыққа ие.    Бесжылдықты жүзеге асыру аясында машина жасау ең дамыған салаға айналды. Өндіріс көлемі  370 млрд теңгеден 807 млрд теңгеге артты. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы өсім  9,7 пайыздан  14 пайызға артты», - деді Р.Скляр.

Оның айтуынша, осы жылдары машина жасау саласында 100-ден астам жоба жүзеге асырылды.

«Машина жасау саласын қолдауға мемлекет бірқатар шараларды жүзеге асырады.  Биыл  ИДМ  машина жасау одағымен бірігіп 2019-2030 жылдарға арналған машина жасау  саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірледі. Ол Машина жасаушыларының форумында талқыланады», - деді Р.Скляр.

Өз кезегінде ,  Қазақстан Машина жасаушылар одағының басшысы Мейрам Пішембаев  бүгін өтіп жатқан  форумның тақырыбы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың мүмкіндіктері екенін атап өтті.    Форумда машина жасаудың кешенді  жоспары таныстырылатын болады. 

«Форумда  бүгін    6 секцияның отырысы өтеді. Жыл санап форум қатысушылардың саны мен сапасы артып келеді.  Бүгін  4 өнеркәсіп революциясын сезініп отырмыз. Қазір технологияның даму кезеңінде  пилотсыз комбайндар мен автомобильдер және ақылды үйлер пайда болып жатыр», - деді М.Пшембаев.

Сондай-ақ,   ол атап өткендей,  форумя аясында бірлескен кәсіпорындарды ашу бойынша шетелдік серіктестермен меморандумдарға қол қойылады.

«Өткен жылмен салыстырғанда машина жасау  саласында өсім     1 тоқсанның  қорытындысы бойынша  18,2 пайызды құрады.  Ол  аккумуляторлардың өндірісі мен техникалық  өндірістің  дамуы сынды салалардың қарқынды дамуына қатысты болып отыр. Бұл әлі де жалғасын табады», - деді М.Пшембаев.

Сонымен қатар, М.Пшембаев    Қазақстанда  жасалатын электромобильдердің өндірісі қалай дамитынын атап өтті. 

«Электромобильдер шығарылып жатыр, бүгін форум алдында  5 электромобиль экспонат ретінде  қойылды. Ол үлкен қызығушылық танытып жатыр. Болашақта электромобильдердің саны да сапасы да артады. Әлемнің дамыған мемлекеттері арнайы бағдарламалар қабылдап жатыр, сол секілді біз де бұл мәселені дамытатын боламыз.», - деді М.Пшембаев.  

Сонымен қатар,  саланы цифрландыру да жүзеге асырылып жатыр. 

«Саланы цифрландыру  форумдағы кешенді жоспарға енген. Ол өте ауқымды деңгейде талқыланатын болады. Машина жасау саласында цифрлік технологиялар жұмыс істеп жатыр. Ол форум аясында айтылатын болады», - деді М.Пшембаев.

Роман Скляр  өз кезегінде  7 цифрлік модельдік фабриканың екеуі пилоттық  жоба бойынша  цифрлыққа  көшеді.

«Ол машина жасау  саласы бойынша  цифрлық  технологияны енгізудің үлгісіне айналады», - деді ол.

Сондай     -ақ,  Қазақстан Машина жасаушылар одағының басшысы Мейрам Пішембаев  елдегі машина жасау құралдары елдің қажеттілігін  25 пайызға қамтамасыз етіп отырғанын айтты.

«Біздің машина жасау саласының бүгінгі өнімдері елдің құрал-жабдықтарын  25 пайызын қамтамасыз етеді.  75 пайыз көрші елден келетін импорт болып отыр. Алдағы мақсатымыз  ішкі қамтамасыз етуді арттыру. Импортты қысқарту және экспортқа машина жасау өнімдерін баейімдеу. Автомобиль мен ауыл шаруашылығы салаларының көліктеріне сұраныс артып жатыр.  Болашақта  10 жылға жоспар құрып отырмыз. Аталмыш  ұзақмерзімді бағдарлама алғаш рет қабылданып отыр деп айтуға болады. Себебі, оған дейін  2-5 жылдық қысқамерзімді бағдарламалар қабылданған болатын», - деді М.Пшембаев.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды