- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік бюджеттің қаражаты тек көзделген мақсатқа бөліну керек – Н.Назарбаев
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты тек көзделген мақсатқа бөліну керек – Н.Назарбаев
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қазіргі қызметі және мемлекеттік бағдарламалардың аудиті, сондай-ақ өңірлердегі тексеру комиссияларына көрсетіліп жатқан әдістемелік қолдау жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев бюджет қаржысын тиімді игеруді және оның қолды болуына жол бермеуді қамтамасыз ету ісіндегі Есеп комитетінің маңызды рөлін атап өтті.
« Есеп комитеті – мемлекет қаржысының орынды игерілуін және бюджеттің атқарылуын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ететін маңызды орган. Қаражат тек көзделген мақсатқа бөлінуге тиіс», – деді Қазақстан Президенті.
Н.Годунова «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аудит жүйесін әлемдік стандарттарға сай жаңғыртудың барысы жөнінде баяндады.
«Қазіргі уақытта Есеп комитеті өз жұмысында қаржыға қатысты құқық бұзушылық фактілерін анықтау тәжірибесінен гөрі тиімділікті бағалауға басты мән беріп отыр. Біз қаржылық құқық бұзушылыққа негіз болатын себептерді анықтау ісінде аудит нысандарына қолдау көрсетеміз және тиісті ұсынымдар береміз», – деді Есеп комитетінің төрайымы.
Сонымен қатар, Н.Годунова Қазақстан Президентіне мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына аудит жүргізу және республикалық бюджетті жоспарлау кезінде алдын ала бағалау жөнінде баяндады.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр