- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысының тапсырмалары нақты шараларға негізделген – М.Бегентаев
Мемлекет басшысының тапсырмалары нақты шараларға негізделген – М.Бегентаев
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына нақты бағыттарды көрсетіп берді. Өткен жылы бізде 2050 Стратегиясы бағдарламасы болды. Оны халық тағатсыздана күтті. Сонымен қатар, біз Қазақстан-2030 бағдарламасын мерзімінен бұрын орындап тастадық. Қазірде жаңа міндеттемелер қойылып отыр. Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н. Назарбаев нақты тапсырмалар көрсетіп, олардың орындалу мерзімін де бекітті. Әр ведомствоға өзіндік тапсырмалар берілді. Менің ойымша, оның астарында нақты жұмыстар көрсетілген. Аспаннан керемет күтпей, күш-жігерді салып еңбектену керек. Заманауи мәселелер төңірегінде қызмет қылып, заман ағысынан қалмау керек. 2008-2009 жылдары біз дағдарысқа дайын болдық. Сол сеілді біз енді жаңа онжылдыққа дайындалуымыз керек», - деді депутат.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда Парламенттегі құжаттар пакеті айтарлықтай көбейген.
«Оған қоса экономиканың секторларымен, ауыл шаруашылығымен, кәсіпкерлермен байланыс орнатылған. Экономикалық өсімге арналған жаңа заңнамалық негіз құрудамыз. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясаты туралы заң келді. Өткен жылы дағдарыс туралы заң аяқталған болатын. Біз барлығын кезең кезеңімен жүзеге асырудамыз, себебі заңнамалық негіз бір орында тұрмайды», - деді ол.
Айта кетейік, Астанада 17 қаңтар күні Мемлекет бсшысы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жариялаған болатын.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты