• Басты
  • Қаржыгер жұмысын құрылыстан бастады
17 Қыркүйек, 2018 10:55

Қаржыгер жұмысын құрылыстан бастады

11 қыркүйек күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Астана қаласының әкімі болып Бақыт Сұлтанов тағайындалған еді. Жаңа әкім қаланың тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысқа кірісіп кетті. Б.Сұлтанов аланың жылу маусымына дайындығы мен ірі құрылыс алаңдарының жұмысын тексерді. Қаржыгердің жұмысты қрылыстан бастағанын келесі материалдан оқи аласыздар.
Қаржыгер жұмысын құрылыстан бастады

Астана қаласының әкімі LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станцияларын, құрама темірбетон арқалықтар шығару бойынша полигон, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірді, сондай-ақ Мыңжылдықтар аллеясы құрылысымен танысты.

Жаңа әкім   Президенттің тапсырмасы бойынша LRT құрылысының орындалып жатқанын тексеріп шықты. Аралау барысында Б. Сұлтанов салынып жатқан LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станцияларында болды.

Қазіргі таңда құрылысшылар инженерлік желілер мен желі қадалары мен арқалықтарын дайындауда. Жобаны іске асыру барысы туралы Астана қаласының әкіміне «LRT құрылысы жөніндегі дирекция» ЖШС директоры Адильша Ермұханов баяндады.

«Жоспарға сәйкес, ЛРТ әуежай мен жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалын байланыстырады. Эстакаданың ұзақтығы 22,4 км, қала бойынша 18 станция және 19 бірлік жылжымалы құрам болады. Анықтама: Құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі жобасы 2017 жылы мамыр айында қытай компаниялары кәсіпорындарының консорциумы күшімен басталған», - деді Адильша Ермұханова.  

Осы жылдың 13 қыркүйегінде нысанда мынадай жұмыстар атқарылды: - буронабивті қадалар – 3 764 дана (90% - жоба бойынша барлығы 4 203 дана); - ростверт – 675 дана (61% - жалпы жоба бойынша 1 110 дана); - тіректер және колонналар – 455 дана (41% - жоба бойынша барлығы 1 114 дана); - құрама арқалықтар – 268 дана (34% - жоба бойынша барлығы 782 дана); - депо объектілерінде 3 687 қада қағылды.

 Қазіргі таңда жылу желілерінің 98% дайын (қайта құрылды) (2,2 км), су құбыры 89% (3,2 км), шаруашылық-тұрмыстық және нөсерлік кәріздің 65% (6,2 км), электрмен жабдықтау желілері 90%-ға (100,3 км), байланыс 97% (165 км) атқарылған. Осы жылы жұмыстар толық аяқталады. Құрылыс нысанының желілерінде шамамен екі жарым мың жұмысшы және 155 бірлік ауыр техника жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов құрама темірбетон арқалықтар шығару бойынша полигонды, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірге барды. Аралау қорытындысы бойынша дирекция кеңсесінде көшпелі отырыс өткізіліп, онда Астана әкімі «ЛРТ құрылысы жобасын көрсетілген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді» тапсырды.

Сондай-ақ, Б. Сұлтановқа Мыңжылдықтар аллеясының (Алматы ауданы) құрылысы бойынша нақты жоспарларды таныстырды.

Сонымен қатар, Б.Сұлтанов  көшпелі отырыс өткізді және қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты қалалық коммуналдық кәсіпорындарға барды, оның ішінде – «АРЭК» АҚ, «Астана су арнасы», ЖЭО-2.

Қаланың тіршілігіне жауапты негізгі коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы туралы оның орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады.

Аралау барысында Б. Сұлтанов «АРЭК» АҚ, «Астана су арнасы» және ЖЭО-2 барды.

Қ. Айтмұхаметовтің айтуынша, қазіргі таңда қаланы жылу маусымына дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылуға дайындығы 97 % құрайды. 12 км су құбыры және 5 км кәріз желісі қайта жөндеуден өтті. Бақыт Сұлтанов осы жұмыстарды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

 «Біздің жұмысымызды тұрғындар қызмет көрсету сапасы арқылы бағалайды. Біз барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек, әсіресе жылу маусымы кезінде. Су, жылу, жарық үзіліссіз берілу керек», - деді Б. Сұлтанов.

Сондай-ақ Астана әкімі Қалалық «iKomek» жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты. Бүгінде «iKomek» орталығы дер кезінде кемшіліктерді жоюды үйлестіріп отыратын құрал ретінде әрекет етеді және астананың «тыныс-тіршілігіне» мониторинг, талдау жасайды. Тұрғындардың 77% арыз-шағымы бірінші қоңыраудан-ақ шешімін тауып, аталмыш көрсеткішті 85% дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Б. Сұлтановқа орталықтың басшысы Жанат Дубирова айтып берді.

Қала әкімдігінің мәліметінше,  Б. Сұлтанов № 27 көшедегі жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бүгінде Астана қаласының жол-көше желісі 1039 көшеден құралады, жалпы ұзындығы 1102,32 км, оның 837,82 км (немесе 76%) асфальтбетон төселген, қатты жабындысыз төсем – 264,5 км (24 %).

Инженерлік кешен 8 көлік жол айырығынан, 17 автожол көпірінен, 5 жаяу жүргіншілер көпірінен, 9 өтпежолдан тұрады.

 Қ. Айтмұхаметовтің айтуынша, ұзындығы 71,8 шақырым 98 көшені салып, жөндеу жоспарланған, оның ішінде 22 магистральді қала көшелері, ұзақтығы 20,8 км және 65 көше, ұзындығы 35,3 км тұрғын алаптарында салынды. Орташа жөндеу жұмыстары барысында 15,7 км жолдың 11 көшесіне төсем жасалынды.

Б.Сұлтанов құрылс пен жылу беру маусымына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды