- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Түркия 1,7 млрд доллардың 24 коммерциялық құжатына қол қойды
Қазақстан мен Түркия 1,7 млрд доллардың 24 коммерциялық құжатына қол қойды
Қазақстан–Түркия инвестициялық форумын ашқан ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Мамин бүгінде Түркия шетелдік қатысумен компаниялар саны бойынша екінші орынды иеленетінін жеткізді.
«Елімізде түрік компанияларының қатысуын кеңейту екі ел арасындағы капиталмен, үздік тәжірибемен және технологиялармен алмасуға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі», — деп атап өтті ол.
Қазақстан мен Түркия компаниялары жалпы сомасы шамамен $1,7 млрд болатын 24 коммерциялық құжатқа қол қойды. Құжаттар түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған. Сонымен, мысалы, Жамбыл облысында жалпы сомасы $270 млн болатын, 350 жұмыс орнын құра отырып, металлургия, химия және шыны өнеркәсіптерінде пайдаланылатын кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспарланған.
Kazakh Invest және Eksen Group қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес түрік инвесторлары Алматы қаласында құны $300 млн болатын жаңа Downtown Almaty қаржылық, әлеуметтік, бизнес-орталығын салуды жоспарлауда. Downtown Almaty-да бизнес орталықтар, JW Marriott қонақүйі мен апартаменттер орналастырылады.
Түркістан облысының әкімдігі және DAL Holding 700 жұмыс орнын құра отырып, құны $200 млн болатын жылыту кешенін салу жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойды.
Бүгінде Қазақстанда Yildizlar SSS Holding, DAL Holding, Zorlu Holding, Calik Holding, Oyak Holding, Enprode және т.б. секілді ірі түрік компанияларының қатысуымен жаңа ірі жобалар іске асырылып жатыр. Бұл қазақстандық экономика үшін басым салаларда жұмыс істейтін жаңа түрік ТҰК мүдделілігінің артқанын көрсетеді.
«Біз ірі түрік холдингтерінің қазақстандық нарыққа қатысуын кеңейту трендін нығайту туралы айта аламыз. Егер бұдан бұрын түрік инвесторлары келген дәстүрлі салалар қонақ үй бизнесі, шағын және орта бизнес деңгейінде құрылыс материалдарын шығару болса, енді бүгін ірі түрік компаниялары ТКМК, ауыл шаруашылығы, агрохимия, металлургия, өңдеу өнеркәсібі және т.б. жаңа салаларды ашуда», — деді «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы С. Тұяқбаев.
YDA Holding басқарма төрағасы Х. Арслан түрік инвесторлары саяси тұрақтылық, қолайлы инвестициялық ахуал, Еуразия экономикалық одағы, Орталық Азия, Батыс Қытай нарықтарына ашылып жатқан жолдың арқасында өз өндірістерін кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Заңнаманы тұрақты жетілдіру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, «Астана» халықаралық қаржы орталығы секілді жаңа инвестиция салу тетіктерін енгізудің маңызы зор.
«Нұрлы жер», “Нұрлы жол” индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары аясында аса қызықты мүмкіндіктер ашылуда», — деген ойымен бөлісті Х. Арслан Форум аясында. Ол Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік органдарын, іскерлік орталарын, ұлттық және жеке компанияларды жақындату, өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізу және келіссөздер жүргізуге арналған диалогтық алаң деуге болады.
Айта кетейік, Қазақстан–Түркия инвестициялық форумын Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Kazakh Invest ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин, ТР энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатиx Донмез, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, сондай-ақ Қазақстан мен Түркияның 200-ден астам компанияларының өкілдері қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары