• Басты
  • Жолдаудың басты ерекшелігі – айқындалған әлеуметтік контекст
20 Қаңтар, 2014 11:55

Жолдаудың басты ерекшелігі – айқындалған әлеуметтік контекст

Жаңа Жолдаудың ерекшеліктерінің бірі – айқындалған әлеуметтік контекст, деді Саяси ғылымдардың кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының меңгерушісі Елена Нечаева.
Жолдаудың басты ерекшелігі – айқындалған әлеуметтік контекст

«Қазақстан халқына Жолдаудың ең басты ерекшелігі, айқындалған әлеуметтік контекст. Әлеуметтік саясаттың дамуы, адамдардың өмір сүру жағдайының өсуі, мемлекеттің негізгі тапсырмаларының бірі екенін Президент назарға алды. Олар 30-50 жыл емес, жыл сайын жаңғыртылып, орындалу керек, деген еді ол», - деді Е. Нечаева.

Саяси ғылымдардың кандидаты, Елена Нечаеваның айтуынша, Әлемдік банктің ақпаратынша, 192 елдің 16 пайыздық экономикалық зерттеуіне мемлекет физикалық капиталмен дайындалған. Оған қоса, экономикалық өсімнің  60 пайыздық көрсеткіші орындалса,  адамзаттық капитал үлесіне енеді.  

«Дәл сол идея Президенттің Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауында тағы да мықтап айтылған, білім беру саласындағы жаңа мемлекеттік саясаттың негізгі өзегі болып табылады», - дейді Е. Нечаева.
Сонымен қатар, ЕҰУ кафедрасы меңгерушісіның айтуынша, Жолдауда білім беру қызметкерлері мен студенттерге қолдау көрсетудің нақты бағдарламасы аталады. Бұл шәкіртақының өсуі, мұғалімдерге жалақы төлеудің жаңа моделін енгізу.

«Білім беру жүйесін жаңғыртудың басты міндеттемесі тек қана өзінше іздену мен ақпаратты терең талдау, сараптамалық ойланатын интеллектуалды ұлт құрып қана қоймай, жоғарғы азаматтық және адамгершілік құндылықтарға ие, өз елінің жанашыры мен әлеуметтік жауапкершілікті сезіне алатын ұрпақ қалыптастыру», - деді Е. Нечаева.

 

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды