- Басты
- Жаңалықтар
- Назарбаев: Түркия - маңызды инвестициялық әріптестеріміздің бірі
Назарбаев: Түркия - маңызды инвестициялық әріптестеріміздің бірі
Қазақстан Президенті отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
«Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында дамып келеді. Сауда-экономикалық байланыстар ынтымақтастығымыздың маңызды бөлігі саналады», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның маңызды инвестициялық әріптестеріміздің бірі екенін айтты.
Қазақстан Президенті екі жақты байланыстарды одан әрі нығайтудың нақты шараларына тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев өзара ынтымақтастық мәселелерін шешу үшін Қазақстан мен Түркия арасындағы үкіметаралық комиссияның мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Жаңа синергия» атты бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелеріне тоқталып, инвестициялық әріптестікті дамыту перспективалары туралы әңгімеледі.
«Бүгінде Қазақстан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын жаңартуда. Біз осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Орталық Азиядағы жетекші логистикалық хабқа айналуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты, бізге елдеріміздің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану қажет», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев мұнай-газ және әскери-өнеркәсіп салаларындағы қатынастарды нығайту мәселелеріне назар аударды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінде, туристік және ғылыми-техникалық салаларда тиімді байланыстар орнатудың маңызды екенін атап өтті.
Кеңес барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне де ерекше мән берілді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды