Н.Назарбаев Р. Ердоғанмен кездесті

13 Қыркүйек, 2018 18:06
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті.

Кездесуде мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.  

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

Барлық жаңалықтар