- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова Қазақстан саясатындағы әйелдердің рөлі туралы айтты
Г.Әбдіқалықова Қазақстан саясатындағы әйелдердің рөлі туралы айтты
Мемлекеттік хатшы сапар аясында Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Әйелдер комитетінің төрайымы Т.Нарбаеваның шақыруымен Қазақстан және Өзбекстан әйелдері бизнес-форумына қатысты.
Жиынға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкер әйелдер қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты қарым-қатынастың дамуына айрықша көңіл бөлетінін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентінің: «Біздің екі халықтың қарым-қатынасының шынайы бауырластық сипаты өз тамырын ғасырлар қойнауынан тартып, ата-бабаларымыздың ортақ тарихы мен бай рухани мұрасы арқылы беки түседі» деген сөзіне назар аударды.
Г.Әбдіқалықова Қазақстанда әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған мемлекеттік саясат жүргізіліп отырғанын айтты.
«Демократиялық қоғам құрудың негізгі бағыттарының бірі – гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Тәуелсіздік жылдарында қомақты нәтижелерге қол жеткіздік. Бізде әйелдердің саясатқа араласуы жөнінен орнықты ілгерілеушілік бар. Мәжілістегі депутаттардың 29-ы әйел, бұл – депутаттар санының 27 пайызынан астам көрсеткіш. Экономикада әйелдер кәсіпкерлігінің қарқынды секторы қалыптасты. Шағын және орта бизнес субъектілерінің 44 пайызын әйелдер басқарады, олар бұл саладағы барлық жұмыс орнының үштен бірін қамтамасыз етіп отыр», – деді Мемлекеттік хатшы.
Форумда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Өзбекстан әйелдері комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкер әйелдерінің инновациялық бизнес-жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, тараптар озық тәжірибелерін ортаға салды.
Г.Әбдіқалықова форум аясында Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Әйелдер комитетінің төрайымы Т.Нарбаевамен бірге әйелдер бизнес қоғамдастықтары ынтымақтастығының, сондай-ақ әйелдердің рөлін арттыру және олардың мүмкіндіктерін кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру