- Басты
- БҒМ-ның оқырмандарға жауабы: Техникалық персоналдың жалақысы көбейеді
БҒМ-ның оқырмандарға жауабы: Техникалық персоналдың жалақысы көбейеді

Қазақстандықтарды мұғалімдердің зейнетақыға кеш шығуы қынжылтады екен. (Оқырмандардың мәтіні мен орфографиясы өзгертілген жоқ).
Фарида Ахметова: Мұғалімдерді пенсияға ерте шығару керек.Жастардың энергиясы көп. Жастар істесін.
Асия Алпысбаева: Мұғалімдерге арналған еңбек өтілін қарастырсын. 25 жылдан кейін зейнетке жіберсін.
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес, Еңбек министрлігі - мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында, оның ішінде зейнетақыны қоса алғанда, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылатын әлеуметтік-еңбек саласында көшбасшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы», - деді Е.Сағадиев.
Білім және ғылым министрінің айтуынша, Еңбек министрлігінің қызметі зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, бекітуді қамтиды.
«Осылайша, мұғалімдердің зейнеткерлік жасын қысқарту мәселесі Еңбек министрлігінің құзыретіне жатады», - деді Е.Сағадиев.
Айша Басаби: кіші қызметкерлердің жалақсын неғе көтермейді!!!! завхоздарды солай 4 жыл сайын ауыстырса????
«Техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі уәкілетті орган ретінде бюджеттік салада қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру шеңберінде жүйелі жұмыстар жасалып жатыр», - деді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, техникалық және қызмет көрсету персоналының қатарынан (жалақысы төмен) қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы есептеулер жасалды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар берілді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 2018 жылғы алғашқы жарты жылдығының аяқталуы туралы министр Ерлан Сағадиев есеп берді. 2018 жылы 8 индикатор мен 52 көрсеткішті және 148 шараны өткізу жоспарланған. Барлық көрсеткіштер орындалып жатыр.
Аягөз Құрмаш
-
Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева
-
Бас прокуратура: Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
Тоқаев: Жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс
-
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді
-
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту

