Өскемен қаласының тұрғындары ҚР Президентінің Жолдауын қолдайды

20 Қаңтар, 2014 11:00
Өскемендіктердің арасында ҚР Президентінің Жолдауы үлкен ықыласқа ие болды, деп ШҚО орталығы хабарлады.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы қоғам  алдына бірқатар тапсырмалардың орындалуын жүктеді. Олардың  негізгілері  халықаралық интеграция, энергетикалық сектордаың дамуы, жасыл экономиканың дамуы және адамзаттық капиталдың дамуы», - делінген хабарламада.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында елдің жетістікке жету жолындағы тапсырмаларын жұртшылық қолдап отыр.

«Мен Жолдаудың жүзеге асуына өз үлесімді қосқым келеді. Біз жыл сайын бұл құжатты қолдап жұмыс істейміз», - деді Өскемен қаласының ІІБ қызметкері Бақытбек Табиев.

Өз кезегінде зейнеткер Түгелбай Қанапин Президенттің өмірдің негізгі аспектілеріне маңыз бөлгенін атады.

«Біз Президенттің саясатын қолдаймыз, әсіресе еңбек адамдарына қатысты саясаты көңілімізден шығады. Әр Жолдауында Мемлекет басшысы, менің ойымша, денсаулық сақтау, білім беру секілді бүгінгі таңның өзекті мәселелерін назардан тыс қалдырмайды».

Барлық жаңалықтар