- Басты
- Жаңалықтар
- Назарбаев Джордж Кролды «Достық» орденімен марапаттады
Назарбаев Джордж Кролды «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы кездесу барысында Джордж Кролға Қазақстандағы жемісті еңбегі үшін ризашылық білдіріп, дипломаттың екі жақты байланыстардың дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті.
«Сіз жұмыс істеген уақытта елдеріміз арасындағы жемісті қарым-қатынастар нығая түсті. Қаңтар айындағы АҚШ-қа сапарым барысында Президент Д.Трамппен кездестім. Біздің экономикалық ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтерілді. Қол жеткізген барлық уағдаластықтар табысты жүзеге асырылуда. Мұның бәрінде сіздің үлесіңіз мол. Сіз қазақ тілі мен мәдениетін насихаттап жүрсіз. Өзара қарым-қатынастарымыздың нығаюына зор еңбек сіңірдіңіз. Сізді Қазақстанның досы болып қала береді деп сенемін», – деді Елбасы.
Д.Крол Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Қазақстандағы мәртебелі жұмысын зор жауапкершілікпен атқарғанын атап өтті. Елші, сондай-ақ, атқарған қызметінің екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролды дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Н.Назарбаев: Абай - ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір -
Назарбаев: Праймериздерді әділ, ашық және барлық қатысушы үшін тең жағдайда ұйымдастыру керек