- Басты
- Жаңалықтар
- 7-20-25: Баспанаға қалай қол жеткізуге болады
7-20-25: Баспанаға қалай қол жеткізуге болады

7-20-25-ке қатысушылар саны бойынша Алматы, Астана қалалары, сонымен қатар Маңғыстау облысы көш бастап келеді. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында несие беру қарқыны өсуде.
Бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды ұлғайту мақсатында «Баспана» ипотекалық ұйымы 7-20-25 бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жергілікті атқарушы органдарға 150 млрд. теңге бөлу мүмкіндігін қарастыруда.
«Баспана» Ипотекалық Ұйымы» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Алтынбековтың айтуынша, ЖАО – мен бірге жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін 7-20-25 шеңберінде бастапқы жарнаны қысқарту бойынша жұмыс басталды.
«Баспанамен «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдері әзірленді. ЖАО–мен жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға бастапқы жарнаны қысқарту үшін субсидия берілетін болады деп болжануда. Сонымен қатар, тізімдерді жасау, өнімге қатысу үшін азаматтарды іріктеуді әкімдіктер өздері жүргізеді. Қазіргі уақытта Баспана Шымкент қаласы әкімдігімен бірге алғашқы жобаны іске қосты», - деді Қ.Алтынбеков.
Жоба бойынша Шымкент әкімдігі 2 мыңға жуық тұрғынға қолдау көрсету үшін 2 млрд. теңге субсидия бөледі. Сондай-ақ, Ұлттық Банктің қаулысымен Шымкент қаласы үшін тұрғын үйдің ең жоғарғы құнының мөлшері 25 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.
7-20-25-ке 11 қыркүйектен бастап Қазақстан Халық Банкі және ForteBank қосылды. Осылайша, өтінімдерді 7 банк-серіктес қабылдайды: Бұлар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, BankRBK, Евразиялық банк, Халық банкі және ForteBank.
«Екінші тұрғын үй нарығы объектілерін ипотекалық несиелендіру мақсатында Баспана «Баспана Хит» жаңа өнімін іске қосады. Бастапқы жарна - 20% құрайды, жылдық мөлшерлемесі - Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі + 1,75%. Несие мерзімі 15 жылға дейін», - деді ол.
Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі 9% құрайтынын ескере отырып, «Баспана Хит» өнімінің жылдық бағамы 10,75% көлеміне есептелген.
«Өздеріңіз білетіндей, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тек бірінші тұрғын үй нарығындағы, яғни жаңа баспананы сатып алуға болады. «Баспана» компаниясы осыны ескере отырып, «7-20-25» бағдарламасынан бөлек, екінші тұрғын үй нарығындағы баспананы несиелеуге бағытталған арнайы өнім əзірледі. Бұл бағдарлама «Баспана хит» деп аталады"», - деді ол.
Қайрат Алтынбеков жаңа бағдарламаның шарттары туралы да айтып өтті.
«Бастапқы жарна баспана бағасының 20 пайызынан басталады. Пайыздық мөлшерлемесі - Ұлттық банктің базалық ставкасы + 1,75 пайызды құрайды. Қазіргі таңда Ұлттық банктің базалық ставкасы - 9 пайыз. Сəйкесінше, аталған бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі 10,75 пайызды құрайтын болады. Несие мерзімі - 15 жылға дейін», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр

