- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті
Елбасы Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті
Елбасы кездесу барысында Әділбек Жақсыбековке Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымында және басқа да мемлекеттік қызметтерде атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, оның Қазақстан Республикасы мемлекеттілігін қалыптастыру және дамыту ісіне зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.
«Ұзақ жылдардан бері менімен бірге жұмыс істеп келе жатқан Әділбек Рыскелдіұлын жақсы білесіздер. Ол елорданың алғашқы әкімі болды, барлық лауазымды қызметтерде жауапты әрі адал еңбек етті. Оған зор денсаулық пен табыс тілеймін», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға Президент Әкімшілігінің жаңа Басшысы Әсет Исекешевті таныстырды.
«Әсет Өрентайұлы менің көмекшім болды, министр, Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін атқарды. Ол бас қаламызда жұмыс істеген соңғы екі жарым жыл ішінде елордалықтардың жоғары бағасына ие болды. Ол белсенді әрі креативті ұстаныммен ерекшеленеді. Қазір бізге дәл осындай адам керек. Исекешев елордаға әкім болған уақытта біз «ЭКСПО-2017» көрмесін және Астананың 20 жылдығын абыроймен өткіздік. Әсет Өрентайұлы бұл міндетті де лайықты орындай алатынына сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы жиын соңында еліміздің экономикалық өсімін және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру ісінде Президент Әкімшілігінің басты рөл атқаратынын атап өтіп, оның алдағы кезеңге арналған жұмыстарының негізгі басымдықтарын белгілеп берді.
« Аппараттың алдында бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын және орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндет тұр. Бүгінде жұмыс ауқымы өңірлік деңгейге ауысқанын ерекше атап өткім келеді және барлық деңгейдегі әкімдердің қызметін үйлестіру, олардың өзара ықпалдаса еңбек етуіне көмектесу қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты