• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды

Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды

10 Қыркүйек, 2018 18:14
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, Мемелекет басшысының Жарлықтарымен: Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен; Бағдат Құлтайұлы Әміреев басқа жұмысқа ауысуына байланыста Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар