• Басты
  • Өңірлердің дамуы: Түркістан облысында бірнеше жаңа нысан пайдалануға берілді
10 Қыркүйек, 2018 09:28

Өңірлердің дамуы: Түркістан облысында бірнеше жаңа нысан пайдалануға берілді

Түркістан облысының Кентау қаласындағы қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік томографиямен жабдықталды. Сонымен қатар, Түлкібас ауданында мал бордақылайтын алаңдар ашылған. Ашылған нысандар халыққа қандай пайда әкелетінін туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Өңірлердің дамуы: Түркістан облысында бірнеше жаңа нысан пайдалануға берілді | Strategy2050.kz

Заман талабына сай жаңа қондырғы инсульт пен бас ми жарақатын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін Кентау қаласының тұрғындары Түркістан қаласына қатынап ем алуға мәжбүр болған.

«Компьютерлік томография ауруды алғашқы белгілерінен - ақ анықтауға мүмкіндік береді. Аппараттың көмегімен бастағы ісіктер мен қабыну процесін, сүйек құрылымындағы аурулардың ауыр жағдайының өзін нақты табуға болады», - дейді мамандар.

Сонымен қатар кеудедегі, құрсақ қуысы мен асқазан, аш ішектің,  мұрын қуысы мен бүйректегі ауытқуларды тексеруге болады.

Жапондық Optima 540 компьютерлік томографиясы облыстық бюджет есебінен 269 млн. 500 мың теңгеге сатып алынып орнатылған.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, келесі жылдан бастап жаңа облыс орталығында бірнеше аурухана мен емханалар, перзентханалар мен заманауи талапқа сай емдеу орталықтары бой көтермек. Жобалау жұмыстарына шетелдік компаниялар да тартылады деп күтілуде.

«Жоспар бойынша облыс орталығынан 610 орындық облыстық көпсалалы аурухана салынады. Екіншіден, облыстық балалар ауруханасына қосымша 150 орындық ғимарат құрылысын бастау қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, 500 келушіге арналған емхана мен облыстық қан және СПИД орталықтарының, туберкулезге қарсы және онкологиялық диспансердің құрылысы басталады», - деді Мұқан Егізбаев.

Ол айтып өткендей, бұл мақсатта жобалау-сметалық құжаттарына қажетті қаржы бөлінді. Медициналық мекемелердің жетіспеуі мәселесін шешу үшін жұмыстар жүріп жатыр.

«Шымкентте орналасқан клиникалар және балалар ауруханасы сол жақта қала береді. Облыстық туберкулезге қарсы және жүйке аурулары диспансері, екі бірдей перинаталдық орталық жұмысы жалғасады. Мұндай тәжірибе Алматы облысында да, Астанада да бар. Себебі, шалғай орналасқан Мақтаарал, Шардара сияқты аудан тұрғындарына Түркістанға қатынау қиынға соғады. Шымкенттегі бұрынғы облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы екі кабинетте арнайы мамандарды қалдырып отырмыз»,  — дейді Мұқан Егізбаев. 

 Сонымен қатар, Түркістан облысына бірнеше медициналық нысанды салу үшін республикадан қаражат бөлу сұралған. Мәселен, Түркістандағы перинаталдық орталықтың жанынан қосымша 150 орындық ғимарат салу қажеттігі туындап отыр.

Кентау қаласы мен Сайрам, Жетісай аудандарына, Мырзакент пен Атакент кенттеріне 5 емхана салуға да республикадан қаржы бөлу жағы қарастырылуда. Сондай - ақ, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесі жүзеге асып жатыр. Жақында түркістандық мамандар Ресейге барып, сондағы білікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып келеді.

Онымен қоса,  Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түлкібас ауданында М.Жәрімбетов ауылында республикалық «Уақып» қорының төрағасы Қайрат Орынбайұлы мен ауыл тұрғындарының ұйытқы болуымен Ұлы Отан соғысы, батыр ана және тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков ауыданның 90 жылдығына орай бірқатар киелі жерлер жаңғыртылып, елді – мекендерде ескерткіштер бой көтеріп жатқандығын жеткізді.  

«Жыл басынан бері Алғабас, Рысқұл ауылдарында Ұлы отан соғысына аттанған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері, батыр аналардың есімдері жазылған ескерткіштер ашылса, бүгін осы ауылда туған бір топ азаматардың демеушілігімен ескерткіш бой көтеріп отыр.  «Өткенді ұлықтау - өскендіктің белгісі» деген қанатты сөз бар. Осыған орай соғыс жылдарына бейбіт өмір үшін соғысқан осы ауылдың 86 ардагер аталарымыз бен 96 батыр ана, 214 тыл еңбеккерлерінің есімдері бүгінгі ескерткішке ойылып жазылған. Көпке үлгі боларлық өнегелі іс келешек жас ұрпаққа тарих деп білемін. Өйткені бүгінгі ескерткіште жазылған асыл азаматтар мен азаматшалардың жанқиярлық  ерлігі мен есіл еңбегі жас ұрпақ үшін өнеге», - деді аудан басшысы.  

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында ел экономикасының өсуінің драйвері ауыл шаруашылығы екендігін айтып, оның ішінде етті мал шаруашылығының рөліне ерекше тоқталған болатын.

Осы мақсатта Түркістан облысының Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ елді мекенінде «Адал» шаруа қожалығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған бірнеше алаңды ашуды жоспарлап отыр. 

Жалпы мал жайларын соғу екі кезеңде іске аспақ. Атап айтсанда, 1500 басқа арналған алаңдар биыл іске қосылса, 2019 жылы қосымша 1500 басқа арналған алаңдардың құрылысын жүргізу межеленген.

 Нәтижесінде шаруа қожалық жылына шамамен 1200 тонна ірі қара мал еті өңдірілмек.  Жобаның жалпы құны 900 млн. теңгені құрайды. Аталған жоба толығымен іске қосылған жағдайда 30 адамға жұмыс орны ашылатын болады. Бұдан өзге, аудандағы мал шаруашылығына қажетті егін түрлерін егетін диқандардың өнімдеріне сұраныс арта түспек. 

Қазіргі таңда аудан аумағында 268 мал бордақылау алаңшаларында 2200-ден астам жылқы мен 2 мыңдай ірі қара мал бордақылануда.  Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында нысандарды ашу белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтуге болады.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды